Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Әйелдердің саяси көшбасшылығын қ... 11 қыркүйек, 2026 Ұлытау облысы

Ұлытау облысында жалпы еңбек өтілі 564 жыл болатын металлургтер отбасы тұрады

Жезқазған қаласында жалпы еңбек өтілі 564 жыл болатын металлургтер әулеті тұрады. Өмірлері өндіріспен біте қайнасқан өнегелі шаңырақтың бүгінде үшінші толқын өкілдері ел экономикасына еселі еңбек сіңіріп жүр.«Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен республикалық «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары Әйтеновтар отбасымен танымдық кездесу өтті. Іс-шара отбасы күніне арналды.

Ұлытау облысында жалпы еңбек өтілі 564 жыл болатын металлургтер отбасы тұрады

Ұлытау облысында жалпы еңбек өтілі 564 жыл болатын металлургтер отбасы тұрады

Жезқазған қаласында жалпы еңбек өтілі 564 жыл болатын металлургтер әулеті тұрады. Өмірлері өндіріспен біте қайнасқан өнегелі шаңырақтың бүгінде үшінші толқын өкілдері ел экономикасына еселі еңбек сіңіріп жүр.

«Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен республикалық «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары Әйтеновтар отбасымен танымдық кездесу өтті. Іс-шара отбасы күніне арналды.

Іс-шараға «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының төрағасы Ақжол Құрмансейіт, партия филиалы жанындағы Әйелдер қанатының мүшесі, Жезқазған қалалық аналар кеңесінің төрайымы Раушан Капарова, «Ailin» сауда желісінің жетекшісі, партияның белсенді мүшесі Мақпал Хасенова, сондай-ақ бірнеше буын металлургия саласында еңбек еткен Әйтеновтар әулеті, өңірге сыйлы Жақыповтар және Бұзаубековтар отбасы қатысты.

Мерекелік шараны ұйымдастырудағы басты мақсат – отбасы институтын нығайту, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністік пен сенімді арттыру, өнегелі, еңбек жанұяларының тәжірибесін көпшілікке үлгі ету.

Кездесуге қатысушылар отбасы құндылықтары, өмір тарихы, еңбек жолы туралы естеліктермен бөлісті. Жалпы жұмыс өтілі 520 жыл болатын металлургтер әулетінің ең үлкені Мұхамбет Әйтенов. Еңбек жолын 1969 жылы Қарсақбайда бастап, өндірісте 40 жыл тер төккен. Әке-шешесі де Қарсақбайдағы мыс қорыту зауытында, Жезқазғандағы өндірісте жұмыс істеген. Анасы Мәрзия әжей 13 құрсақ көтерген батыр ана. Еңбекшілер отбасының 6 ұлы металлург.

«Ертедегі өндірістегі қиындықтар әлі көз алдымда. Қарсақбайда конверторлар 10 тонналық тұғын, ал мұнда 100 тонналық. 1300 градуста мысты балқытамыз. Мен енді қара мыс алудың шебері болдым. Оның үстіне газ бар, шаң бар, оның бәрі оңай емес адамға», - дейді Мұхамбет ақсақал.

Әуезов атындағы Жезқазған қалалық кітапханасында өткен кездесуде Бұзауовтар мен Жақыповтар жанұясы үлгілі отбасының сырымен бөлісті.

Іс-шара соңында «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының төрағасы Ақжол Құрмансейіт отбасыларды мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Сонымен қатар өнегелі отбасылар арнайы марапаттарға ие болды.

#Әділетпартиясы
#Отбасыкүні
#Мерейліотбасыhttps://www.instagram.com/reel/DdI2m99tduy/?stkn=MTQwcXduc3hzZWJqdg== 

6aa3fa841d0ad.jpg
6aa3fa83971e5.jpg
6aa3fa8391c71.jpg
6aa3fa8434801.jpg
6aa3fa840c0cd.jpg
6aa3fa83e44a2.jpg
6aa3fa8494c74.jpg
6aa3fa84ae22c.jpg
6aa3fa827c57f.jpg
6aa3fa830a5a5.jpg
6aa3fa82ecb3e.jpg
6aa3fa834aa45.jpg
6aa3fa833b387.jpg
6aa3fa839bb04.jpg
Тегтер
Әйелдердің саяси көшбасшылығын қолдау және заң жобаларының гендерлік сараптамасын ұйымдастыру Психологиялық қызмет институтының жұмыс істеуіне жәрдемдесу Өндірістегі әйел және гендерлік бюджеттендіру Әйелдердің денсаулығын және отбасы институтын нығайтуға көмектесу Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

18 қараша, 2025

«Әйел рухы – табысқа жетелейтін күш»: Ұлытау облысында әйелдер форумы өтті

«AMANAT» партиясы жанындағы Әйелдер қанаты Жезқазған қаласында «Әйел рухы – табысқа жетелейтін күш» атты форум...

5 мамыр, 2026

Әйелдер қанатының қатысуымен «Цифрлы педагог: жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану» кездесуі өтті

Жезқазғанда өткен білім беру саласындағы кездесуде Әйелдер қанатының қатысуымен жасанды интеллектті оқыту үдер...

12 ақпан, 2026

Облыстық «Ana serpini» әлеуметтік жобасы Жаңаөзенде басталды.

Мақсаты – әйелдер мен аналардың кәсіпкерлік әлеуетін арттыру, олардың бизнес бастамаларын қолдау, жаңа идеялар...

22 мамыр, 2026

«AMANAT» партиясының әйелдер қанаты She Impact Kazakhstan жобасына қатысты

«AMANAT» партиясы әйелдер қанатының өкілдері әйелдер және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға, заманауи технолог...