Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Әйелдердің саяси көшбасшылығын қ... 8 қазан, 2026 Жамбыл облысы

"ҰСТАЗ АЙТСА”

Жамбыл облысы Шу ауданында Ұстаздар күніне орай мұғалім мәртебесін арттыру, білім сапасын жақсарту және педагогтердің қоғам мен мемлекет дамуындағы рөлін талқылауға арналған диалог алаңы өтті.

"ҰСТАЗ АЙТСА”

“Ұстаздар күніне орай  Жамбыл облысы Шу ауданы М. Әуезов атындағы орта мектепте «Әділет» партиясының Шу аудандық филиалы мен оның Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен «Ұстаз айтса...» атты диалог алаңы өтті. «Ұстаз және Мемлекет» тақырыбына арналған бұл жиын мұғалім мәртебесін жаңа қырынан көрсетуді мақсат етті.
Жобаның басты ерекшелігі – мұғалімді тек мектеп ішіндегі маман емес, ұлттың адами капиталын қалыптастырып, елдің болашағына тікелей ықпал ететін маңызды тұлға ретінде дәріптеу.
Басқосуда тек қатардағы оқу-әдістемелік мәселелер ғана емес, білім саласының мемлекеттік саясатпен байланысы мен оны жүйелі түрде дамыту тетіктері сөз болды. Спикерлер мен қатысушылар ұстаздардың кәсіби беделін арттыру, педагогтердің қоғамдық пікіріне құлақ түру және білім сапасын жақсарту төңірегінде келелі ой қозғады.
Сондай-ақ мектеп мұғалімдері М. Байдәулетова, Ж. Бекбаулова және Ж. Уксукбаева өз тақырыптары бойынша тұшымды баяндама жасап, өзекті ұсыныстар тастады. Жиын барысында айтылған барлық бастамалар мұқият тыңдалып, арнайы хаттамаға енгізілді.
Шара соңында білім беру саласында ерекше көзге түскен белсенді ұстаздарға құрмет көрсетіліп, бағалы сыйлықтар табыс етілді.

6ac8690b5ba3a.jpg
6ac8690b010c6.jpg
6ac8690ae9d53.jpg

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

3 маусым, 2026

«Ананың амандығы – баланың бақыты: балаға сапалы уақыт арнаудың сыры» тақырыбында тәжірибе алмасу сағаты өтілді.

03.06.2026 күні отбасы құндылығын дәріптеу, ана мен бала амандығын сақтау, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жа...

8 мамыр, 2026

«ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ: САНАЛЫ ҚОЛДАНУ МӘДЕНИЕТІ»

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Белсе...

8 маусым, 2026

Абай университетінде әйелдер көшбасшылығын дамытуға арналған жаңа EMBA бағдарламасы іске қосылды

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде әйелдердің көшбасшылық әлеуетін дамытуға бағытталған...

23 қаңтар, 2026

«Таңшолпан»: Қостанай облысында әйелдердің саяси көшбасшылығын дамытудың жаңа кезеңі

Теориялық бөлімнен кейін қатысушылар тәжірибелік сабақтарға көшіп, дебаттық сессияларға қатысты. Бес командаға...