"ҰСТАЗ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ”
«Әділет» партиясының «Ұстаз айтса» республикалық диалог алаңы Жамбыл облысы Жуалы ауданында өтті.
№1 Ш.Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясында «Ұстаз және мемлекет» тақырыбымен өтті.
Кездесуге Жуалы аудандық филиалының төрағасы Г. Әбілдаева, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С. Жұмашев, ардагер ұстаз Н. Нұрғабылов қатысып, ұстаздық жолдың жауапкершілігі, ұрпақ тәрбиесі, білімнің қоғамдағы орны және мұғалім мәртебесі туралы ойларын ортаға салды.
Кездесу барысында ұстаздық мамандықтың тек білім берумен шектелмейтіні, оның артында адам тағдыры, бала жүрегіне жол табу және болашаққа жауапкершілік жатқаны ерекше атап өтілді.
Басқосуда ұстаздық жолдың жауапкершілігі, білімнің қоғамдағы орны мен мұғалім мәртебесі кеңінен талқыланып, тиісті ұсыныс-пікірлер жинақталды.





