«Ұстаз және мемлекет» тақырыбындағы кездесу
“Ұстаз айтса” акциясы аясында «Әділет» партиясы Жамбыл облысы Қордай аудандық филиалы және Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен өтті.
«Ұстаз және мемлекет» тақырыбында педагогтермен кездесудің басты мақсаты – білім беру саласының дамуын талқылау, мұғалім мәртебесін арттыру және оларға жағдай жасау мәселелерін қарастыру болды. Жиында мемлекеттік білім саясаты, педагогтердің біліктілігі мен жас ұрпаққа саналы тәрбие беру жайы кеңінен сөз болды.
Кездесуде ұстаздар өздерін толғандырған өзекті мәселелерді көтеріп, жаңа бастамалар мен ұсыныстарын ортаға салды. Қатысушылар бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудағы мұғалімдердің ерекше рөлін атап өтті. Жиын соңында ұстаздар қауымына шығармашылық табыс пен толағай жетістіктер тіледі.


