Заман көшінен қалмаған қариялар: Сарысуда цифрлық сауаттылық сабағы өтті
1 қазан – Халықаралық қарттар күнінде Сарысу ауданының ақжаулықты аналары мен ардақты қарияларына заманауи технологияның қыр-сыры түсіндірілді. Олар үшін арнайы «Цифрлық әлемге қауіпсіз қадам» атты пайдалы әрі қызықты сабақ ұйымдастырылды. Бұл игі іс-шараға Сарысу аудандық «Әділет» партиясы жанындағы Әйелдер қанатының жетекшісі А. Жолмаханова ұйытқы болды. Жиын барысында үлкендеріміз смартфон мен компьютерді тек ермек үшін емес, күнделікті өмірде қалай тиімді пайдалану керек екенін көрді. Ең бастысы — қазіргі уақытта жиілеп кеткен интернет алаяқтарының тұзағына түспеудің, өздерін қауіпсіз ұстаудың қарапайым жолдарын меңгерді.
Аудан қарттары жаңа заман көшінен қалмай, заманауи білімді үйреткен ұйымдастырушыларға ақ батасын берді.


