«ӘДІЛЕТ»: БАЛАЛАРДЫ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ҚОЛДАУМЕН ҚАРСЫ АЛДЫ
«Әділет» партиясы Шардара аудандық филиалы Әйелдер қанатының «Мектепке нық қадаммен» акциясы өтті.
«Әділет» партиясы Шардара аудандық филиалы Әйелдер қанатының «Мектепке нық қадаммен» акциясы өтті.
Шара барысында Б.Соқпақбаев, С.Құрманғазы және М.Горкий атындағы мектептерде әлеуметтік аз қамтылған және өмірлік қиын жағдайдағы 30 отбасының балаларына мектеп формалары мен қажетті оқу құрал-жабдықтары табысталды.
Игі бастамаға ауданның жомарт кәсіпкерлері демеушілік көрсетті.
Қайырымдылық шарасына атсалысқан:
Серманизов Бақытжан Қыпшақбайұлы – Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Хамит» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің басқарма төрағасы;
Кияшбаев Руслан Каримович – «Қазкрахмал» жүгері өңдеу зауытының директоры;
Сартбаев Дулат Жұмагелдиевич – «Шардара орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ-нің директоры.
Шараға қатысқан «Әділет» партиясы Шардара аудандық филиалының төрағасы Бауыржан Қуанышбайұлы демеушілерге алғысын білдіріп, балаларға жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.
Балалардың жаңа оқу жылын жақсы көңіл-күймен бастап, қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етілуіне үлес қосқан барша демеушілерге шынайы алғысымызды білдіреміз!
Қайырымдылық – қоғамдағы мейірімділік пен жанашырлықтың жарқын көрінісі. Осындай игі бастамалар өз жалғасын таба берсін!

