ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ
Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.
Сүт безі обыры бойынша ақпараттық науқан аясында шулық қыз-келіншектер бас қосып, жүгіруге қатысты. Бұл игі шараға Әйелдер қанаты ұйытқы болды. Жүгіру акциясына қатысушылар салауатты өмір салтын насихаттап, әйелдерді өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, тұрақты қозғалысты әдетке айналдыруға және аурулардың алдын алу үшін профилактикалық тексерулерден уақытылы өтуге шақырды.
Бір мақсатқа жұмылған қыз-келіншектер белсенділік танытып, денсаулыққа қамқорлық жасаудың маңызын көрсетті.



