Главная История Структура женского крыла Новости Контакты
Казахский | Русский
Регистрация
Женщины против насилия 3 июня, 2026 Жамбылская область

«Ананың амандығы – баланың бақыты: балаға сапалы уақыт арнаудың сыры» тақырыбында тәжірибе алмасу сағаты өтілді.

03.06.2026 күні отбасы құндылығын дәріптеу, ана мен бала амандығын сақтау, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру мақсатында тәжірибе алмасу сағаты ұйымдастырылды.

«Ананың амандығы – баланың бақыты: балаға сапалы уақыт арнаудың сыры» тақырыбында тәжірибе алмасу сағаты  өтілді.

 Іс-шара бірнеше бөлімнен тұрды.

І бөлім. «Заң және тәртіп» аясындағы іс-шаралар
Бірінші бөлімде оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, құқықтық сауаттылығын арттыруға және жауапкершілік сезімін дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізілді.

«Жолда жүру қауіпсіздігі» тақырыбында Тараз қаласы №64 орта мектептің АӘД мұғалімі Нұрмаханбет Дарын Ғалымжанұлы қауіпсіздік ережелері мен жолда жүру мәдениеті туралы ақпарат берді.
«Экологиялық мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында биология пәні мұғалімдері Жаттоева София Шамиловна, Кеңес Нұрсезім  дебат ұйымдастырып, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық жауапкершілік мәселелерді талқылады.

ІІ бөлім. Пленарлық бөлім
Пленарлық бөлімде «AMANAT» партиясының Жамбыл облыстық филиалының кеңесшісінің орынбасары Турмаханбетова Рахия Сейтбековна отбасы институтын нығайту, аналар мен балалардың қауіпсіздігі, қоғамдағы әйелдердің рөлі туралы сөз сөйледі.

6a2011f794e54.jpg

Тараз қалалық отбасын қолдау орталығының директоры Жақсылықова Бақыт Сауқынбекқызы келіп, өз ой-пікірімен бөлісті.

6a2016d4da518.jpg

Баяндамалар тақырыптары:

«Өз шекараңызды қорғау – әлсіздік емес» тақырыбындағы баяндаманы «Педагогикалық психология» кафедрасының аға оқытушысы, психология магистрі Мамбетова Айбала Мамбетқызы оқыды. Баяндамада жеке шекара, эмоционалдық қауіпсіздік, өзін-өзі бағалау туралы айтылды.

6a201ea63e6f5.jpg


«Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу. Балалардың қауіпсіздігі- ортақ міндет.» тақырыбында Тараз қаласы полиция басқармасының  тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бөлімінің полиция майоры Зәбір Баян Тасболатқызы  баяндама оқыды. 

6a201e00e2a8c.jpg

«Бақытты ана – бақытты бала: эмоционалдық сауаттылықтың әсері» баяндамасында ана мен баланың эмоционалдық байланысы, психологиялық қолдау, сенімді қарым-қатынас туралы ақпарат берілді. Баяндамашы Жамбыл облысындағы тұрмыстық зорлық- зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығының директорының орынбасары Айгерим Талгатовна.

 

ІІІ бөлім. Тәжірибе алмасу бөлімі
Үшінші бөлімде тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілді.

«Отбасылық көрініс» сахналық қойылымы көрсетіліп, отбасындағы қарым-қатынас, ата-ананың балаға көңіл бөлуі, өзара түсіністік пен мейірімнің маңызы бейнеленді.

6a201b6cd4f6a.jpg


Қорытынды монолог «Бала жүрегіндегі жара» арқылы баланың ішкі жан дүниесі мен ата-ана назарын қажет етуі жеткізілді.
Еркін микрофон форматында қатысушылар сұрақтар қойып, ой-пікірлерімен бөлісті.

6a20110988352.jpg

Іс-шара қатысушыларға ой салған, тәжірибе алмасуға мүмкіндік берген, отбасы құндылығы мен бала қауіпсіздігін дәріптеген мазмұнды кездесу болды.

6a201110b4242.jpg

“Ананың амандығы – баланың бақыты. Балаға бөлінген уақыт – оның болашағына жасалған ең үлкен инвестиция.”-деп бүгінгі тәжірибе алмасу сағатын «AMANAT» партиясының Жамбыл облыстық филиалының Әйелдер қанатының кеңесшісінің орынбасары Ускумбаева Дамеш Шакиевна қорытындылады. 

 

Ещё новости

Смотреть все
23 июня, 2026

Жаңа бастамалар мен нақты істер алаңы

Сарысу ауданында өткен Әйелдер қанатының отырысында әйелдердің көшбасшылығын дамыту, қоғамдық белсенділігін ар...

16 июня, 2026

«Айша бибі» көшбасшылық мектебінде кезекті семинар өтті

Өңірлік «Айша бибі» көшбасшылық мектебінің семинарында белсенді әйелдер көшбасшылық, командамен жұмыс, көпшілі...

8 мая, 2026

«ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ: САНАЛЫ ҚОЛДАНУ МӘДЕНИЕТІ»

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Белсе...

3 июня, 2026

Әйелдер қанаты психологиялық қызметті дамытуға қолдау көрсетеді

Достық үйінде өткен «Психология NEXT» өңірлік конгресінде психологтар жасанды интеллект дәуіріндегі психикалық...

13 мая, 2026

Алматы қаласы «AMANAT» партиясы АҚФ жанындағы Әйелдер қанатының және Алматы Азаматтық альянсының бастамасымен, Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің қатысуымен кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша диалог алаңы өтті.

Алматы қаласы «AMANAT» партиясы АҚФ жанындағы Әйелдер қанатының және Алматы Азаматтық альянсының бастамасымен,...

8 мая, 2026

БАЛА ТӘРБИЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА