Главная История Структура женского крыла Новости Контакты
Казахский | Русский
Регистрация
Поддержка женского политического... 3 сентября, 2026 Алматинская область

«Әділет» партиясы Алматы облысында 1 мыңнан астам баланы оқу құралдарымен қамтамасыз етті

Алматы облысында «Әділет» партиясының «Мектепке нық қадаммен» акциясы өтіп жатыр. Бүгінге дейін қайырымдылық шарасы аясында 1 мыңнан астам бала мектепке қажетті заттармен қамтылды. ▪️ Акция облыстың қала және аудандарын қамтыды. Оған партия мүшелері, бастауыш партия ұйымдары, кәсіпкерлер мен ірі кәсіпорындар атсалысып, жаңа оқу жылы қарсаңында балаларға мектеп формасы, рюкзактар, оқулықтар мен кеңсе тауарларын табыстады.

«Әділет» партиясы Алматы облысында 1 мыңнан астам баланы оқу құралдарымен қамтамасыз етті
6a992254ecd83.jpg

 

 

Партияның Алматы облыстық филиалының төрағасы Данияр Қасқарауовтың айтуынша, акциядағы басты міндет – балалардың жаңа оқу жылына қажетті заттармен қамтылуына қолдау көрсету.

💬 «Балалардың лайықты білім алуына жағдай жасау – Әділет партиясының басты міндеті. Бүгінге дейін 1 мыңнан астам оқушыға оқулықтар, рюкзактар мен кеңсе тауарлары берілді», – деді Данияр Қасқарауов.

Акция аясындағы кезекті шара Қонаев қаласында өтті. Мұнда Данияр Қасқарауов, Дәулет Сыдық және Нұрлан Түймелиев 50-ден астам балаға мектепке қажетті жабдықтарды табыстады.

Ұйымдастырушылар мұндай көмектің жаңа оқу жылы қарсаңында ата-аналардың шығынын азайтып, қолдауды қажет ететін отбасылардың балаларын мектепке дайындауға бағытталғанын атап өтті.

💬 «Бұл акция арқылы біз әр баланың оқу жылын жақсы бастауы үшін жағдай жасауға тырысамыз. Білім алу – әр баланың құқығы, ал біз үшін олардың оқуға деген ұмтылысын қолдау маңызды. Сондықтан бұл шараны жыл сайын өткізіп, қоғамның көмекке дайын екендігін көрсетіп келеміз», – деді Дәулет Сыдық.

📌 Айта кетейік, «Мектепке нық қадаммен» акциясы Алматы облысының қала және аудандарында жалғасып жатыр. Оның аясында партия мүшелері мен демеушілер әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардың балаларына жаңа оқу жылына қажетті заттарды кезең-кезеңімен табыстауда.

Ещё новости

Смотреть все
18 октября, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 октября, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

29 апреля, 2026

Алматы облысында әйелдерге жасанды интеллект мүмкіндіктері таныстырылды

Цифрлық сауаттылық, стартап және жасанды интеллект бойынша оқыту өтті

8 мая, 2026

«AMANAT»: в Конаеве депутаты и акимы осваивают новые подходы к работе с населением

В Конаеве стартовало трёхдневное модульное обучение по развитию функциональных компетенций, организованное Ака...

8 июня, 2026

В Университете Абая запущена новая программа EMBA по развитию женского лидерства

В Казахском национальном педагогическом университете имени Абая запущена новая образовательная инициатива, нап...

23 января, 2026

«Таңшолпан»: в Костанайской области начался новый этап развития женского политического лидерства

После теоретической части участницы перешли к практическим занятиям и приняли участие в дебатных сессиях. Разд...