ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ
Елімізде қыркүйек айының екінші жексенбісі – Отбасы күні ретінде атап өтіледі. «Әділет» партиясы отбасыны қоғамның негізі әрі әр адамның ең алғашқы сүйеніші деп қарастырады. Партия өзінің сайлауалды бағдарламасында отбасын қорғап, қолдау Қазақстан Республикасының Конституциясы деңгейінде бекітілгенін айқындай отырып, Әділетті Қазақстанға заңға құрмет, адал еңбек, қоғамдық кеңістікке ұқыпты қарау, диалог мәдениеті, медиасауат, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу, табиғатқа жанашырлық, үлкенді құрметтеу, отбасын қолдау және жастарды тәрбиелеу сынды кемел қоғамның қасиеттері керек деп нақты міндеттерді белгілеген.
Елімізде қыркүйек айының екінші жексенбісі – Отбасы күні ретінде атап өтіледі. «Әділет» партиясы отбасыны қоғамның негізі әрі әр адамның ең алғашқы сүйеніші деп қарастырады. Партия өзінің сайлауалды бағдарламасында отбасын қорғап, қолдау Қазақстан Республикасының Конституциясы деңгейінде бекітілгенін айқындай отырып, Әділетті Қазақстанға заңға құрмет, адал еңбек, қоғамдық кеңістікке ұқыпты қарау, диалог мәдениеті, медиасауат, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу, табиғатқа жанашырлық, үлкенді құрметтеу, отбасын қолдау және жастарды тәрбиелеу сынды кемел қоғамның қасиеттері керек деп нақты міндеттерді белгілеген.
Бұл бағытта алдағы бес жылдық кезең ішінде партиямыз отбасын қолдау орталықтары жүйесін нығайтуды мақсат етіп отыр. Цифрлық құралдарды кеңейте отырып, басына қиын іс түскен отбасыларды ерте танып, мемлекеттік органдардың ұтқыр топтар арқылы өзара іс-қимыл жасау тетіктерін жетілдіруге басымдық беретін болады. Балалардың құқықтарын қорғау мен олардың қауіпсіздігіне сеп болуда «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру жоспарының сапалы орындалуын үйлестіруді мақсат етіп отыр.
Партия бастамасымен балаға дүниеге келген күнінен бастап 18 жасқа толғанға дейін берілетін мемлекеттік қолдау шаралары мен көрсетілетін қызметтердің бәрі бір жерге топтастырылатын Баланың цифрлық маршрутын құрылады. Отбасылар бұл туралы ақпаратты нақты уақыт режимінде әрі өзіне ыңғайлы цифрлық форматта алып отыруына толық мүмкіндіктер ашылмақ. Отбасы институтын және ата-ананың жауапкершілігін күшейтуге арналған қосымша қолдау шараларын әзірлеп, ұсынатын боламыз. Басына қиын іс түскен әйелдерді жеке қолдаудың жаңа стандарттарын енгізіп, оларды Отбасын қолдау орталықтары базасында іске асыру көзделіп отыр.
Отбасыларды қолдауға арналған осы және өзге де басымдықтар туралы партияның Түркістан облыстық филиалы өткізген мерекелік кездесулерде кеңінен таныстырылды. Облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары, облыстық Әйелдер қанатының жетекшісі Қалыйма Жантөреева және партияның Түркістан қалалық филиалының сектор меңгерушісі, қалалық Әйелдер қанатының жетекшісі Мая Майдан бастаған партияластар Түркістан қаласындағы көпбалалы және әлеуметтік тұрғыда осал топтарға жататын отбасыларға арнайы барып, мерекелік құттықтауларын жеткізді.
«- Отбасы – адамның өмірдегі ең үлкен байлығы. Әр шаңырақтың өз қуанышы, өз уайымы, өз арманы бар. Әсіресе көпбалалы отбасылардың күнделікті тіршілігіне сырт көзбен қарап, жағдайын толық түсіну мүмкін емес. Баланың күлкісін көбейтіп, әрқайсысының қажеттілігін өтеу үшін ата-ананың маңдай тері, сабыры мен жауапкершілігі керек. Біз әр баланың алаңсыз балалық шағын, әр ананың ертеңіне деген сенімін, әр әкенің отбасына жеткілікті жағдай жасау мүмкіндігін қалаймыз. Әділетті қоғам дегеніміз – әлсізге сүйеу болып, қиындыққа тап болған отбасыны жалғыз қалдырмайтын қоғам. Сондықтан отбасыға жасалған әрбір қолдау – елдің болашағына жасалған қолдау деп білеміз», - деді Қалыйма Жантөреқызы.
Көрсетілген қолдауға ризашылығын білдірген отбасылар атынан сөз алған Гүзал Садықова партия өкілдеріне шынайы алғысын айтып, мұндай игі бастамалардың елге берері мол екенін атап өтті. Атап өтуіміз қажет, «Әділет» партиясы отбасыларды қолдауды өзінің ұзақ мерзімді міндеттерінің бірі ретінде айқындап, осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра беретін болады. Әлеуметтік осал отбасылардың мәселесін ерте анықтау, балалардың құқығы мен қауіпсіздігін қорғау, ата-аналарға қолдау көрсету және қиын жағдайға тап болған жанұяларға нақты көмек тетіктерін жетілдіру – алдағы кезеңдегі біз атқаратын маңызды бағыттардың қатарында. Осы санаттағы жұмыстарды нақты істермен жүйелі түрде жалғастыра беретін боламыз.


