Главная История Структура женского крыла Новости Контакты
Казахский | Русский
Регистрация
Женщины в науке 2 октября, 2026 Актюбинская область

Ақтөбеде ұстаздардың мәселелері тыңдалды

Бүгін партияның облыстық филиалында Ұстаздар күніне орай партия бастамасымен «Ұстаз айтса» диалог алаңы өтті. Дөңгелек үстелде педагогтар білім саласы бойынша өзекті мәселелерді көтерді.

Ақтөбеде ұстаздардың мәселелері тыңдалды
6abfbcddbff71.jpg
6abfbcddd5053.jpg
6abfbcdf51dd2.jpg

Кездесу барысында айтылған мәселелердің қоғамдық маңызына, олардың мемлекеттік білім беру саясатымен байланысына және шешудің жүйелі тетіктеріне ерекше назар аударылды. «Әділет» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының жанындағы Әйелдер қанатының Ғылымдағы әйелдер бағытының жетекшісі Нұргүл Абишеваның айтуынша, ұстаздардың ұсыныстары жинақталып, бірыңғай базаға енгізілмек.

-Жобаның басты ерекшелігі – мұғалімді ұлттың адами капиталына, қоғамдық құндылықтарға және елдің болашағына ықпал ететін тұлға екенін көрсету. Олардың мәселелерін шешу мақсатында тиісті орталық және жергілікті атқарушы органдармен, сондай-ақ Құрылтайдағы партия фракциясымен бірлескен жұмыс жүргізіледі, - деді ол.

Айта кету керек, жоба партияның Сайлауалды бағдарламасындағы «Адам әлеуетіне бәс тігеміз» атты   7-басымдықпен тікелей сабақтасады.