Главная История Структура женского крыла Новости Контакты
Казахский | Русский
Регистрация
Содействие укреплению женского з... 10 апреля, 2026 Кызылординская область

«Әлеуметтік жұмыс» білім беру бойынша қонақ дәрісі

«Әлеуметтік жұмыс» білім беру бойынша қонақ дәрісі

«Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасында оқитын студенттерге қонақ дәріс өтті

"Әлеуметтік жұмыс" білім беру бағдарламасында оқитын 1 курс студенттеріне Қызылорда қаласының отбасын қолдау орталығының директоры Сексенбаева Гульнара Жаксылыковна «Әлеуметтік жұмыс теориясы» пәнінен «Отбасымен әлеуметтік жұмыс» тақырыбында қонақ дәріс оқыды.

Дәрісте отбасы, қоғам дамуындағы отбасының рөлі, отбасының негізгі қызметтері. жас отбасыларда кездесетін қиындықтар. қазіргі заманғы отбасы және оның әлеуметтік проблемалары, қазақ отбасына тән отбасылық құндылықтарды дәріптеу және отбасылық-тұрмыстық зорлық зомбылық, себептері, түрлері туралы сұрақтар қарастырылды.

Сонымен бірге, Гульнара Жаксылыковна болашақта әлеуметтік қызметкерлер игеруге тиісті дағдылар мен білімдер туралыда айтып өтті.

Дәріс барысында студенттер Гульнара Жаксылыковнаға отбасылық қарым-қатынастар және жас отбасыларда кездесетін мәселелерге қатысты сұрақтар қойып, жақсы пікір алмасу болды.

"Отбасымен әлеуметтік жұмыс" тақырыбы практика сабағында жалғасты. Студенттер қазақ отбасына тән отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қазақтың салт-дәстүрлері және тағы басқа сұрақтар бойынша пікір алмасты.

Қазіргі қоғамда отбасы – ең маңызды әлеуметтік институттардың бірі. Сондықтан отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу – әрбір әлеуметтік қызметкердің басты міндеттерінің бірі.

Отбасымен әлеуметтік жұмыстың мақсаты – отбасының әл-ауқатын арттыру, қиын жағдайға тап болған отбасыларға қолдау көрсету және олардың қоғамға бейімделуіне көмектесу.

Әлеуметтік жұмыс тек көмек көрсету ғана емес, ол – отбасының өз күшіне сенуіне, өмір сапасын жақсартуға бағытталған серіктес.

Әрбір мықты отбасы – мықты қоғамның кепілі!

Ещё новости

Смотреть все
18 августа, 2026

В рамках социального проекта Qolqanat проведен практический тренинг «Внутренняя опора»

В рамках социального проекта Qolqanat проведен практический тренинг «Внутренняя опора»

7 августа, 2026

«Әділет» партиясының Бастауыш партия ұйымдарының республикалық форумы өтті.

«Әділет» партиясының Бастауыш партия ұйымдарының республикалық форумы өтті.

8 мая, 2026

БАЛА ТӘРБИЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

29 мая, 2026

Дағдарыс орталығының әйелдерімен кездесу

Әйелдер қанатының мүшелері Балжан Қожабекқызы мен Гүлнара Жақсылықызы “Отбасы банк” қызметкерлерімен бірлесіп,...

14 мая, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

13 февраля, 2026

Салауатты сана, Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт

"Салауатты сана", "Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт" жобалары аясында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы №11 кол...