Алматы облысында «Әділет» партиясының сайлауалды науқанына атсалысқан штаб мүшелері марапатталды.
Қорытынды жиында бір айға жуық уақыт бойы өңірдегі үгіт-насихат жұмыстарына үлес қосқан азаматтарға Алғыс хаттар табысталды. Салтанатты жиынға облыстық, қалалық және аудандық сайлауалды штаб мүшелері, сенімді өкілдер, байқаушылар мен белсенділер қатысты.
Штаб мүшелерін Алматы облыстық филиалының және облыстық сайлауалды штабтың төрағасы Данияр Қасқарауов құттықтап, сайлау науқанының нәтижелі өтуіне үлкен команданың еңбегі сіңгенін атап өтті.
Жиын барысында науқанға белсенді қатысқан штаб мүшелеріне «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебайдың Алғыс хаты табысталды.
Алматы облысында сайлауалды кезеңде 12 штаб жұмыс істеп, 1 339 үгіт-насихат іс-шарасы өткізілді. Олардың аясында 626 мыңнан астам тұрғын қамтылды. Штаб мүшелері өңірдің қала-аудандары мен шалғай елді мекендерін аралап, сайлаушылармен кездесулер өткізді.
Қорытынды жиында Алматы облыстық мәслихатының төрағасы, штаб төрағасының орынбасары Қуат Бағоджаев та сөз сөйлеп, науқанға атсалысқан азаматтарға алғысын білдірді.
