Главная История Структура женского крыла Новости Контакты
Казахский | Русский
Регистрация
Поддержка женского политического... 30 апреля, 2026 Алматинская область

Алматы облысында «Әйелдер қанаты» кеңесінің отырысы өтті

«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы «Әйелдер қанаты» кеңесінің отырысы өтті

Алматы облысында «Әйелдер қанаты» кеңесінің отырысы өтті

Алматы облысында AMANAT партиясы облыстық филиалы жанындағы «Әйелдер қанаты» консультативтік-кеңесші органы кеңесінің кезекті отырысы ұйымдастырылды.
Кеңес отырысына «Әйелдер қанаты» кеңесінің төрайымы, модератор Молдашева Меруерт Сағындыққызы жетекшілік етті.


Жиынның негізгі мақсаты – қоғамдағы әйелдердің мәртебесін арттыру, олардың құқықтарын қорғау және өзекті әлеуметтік мәселелерді кеңінен талқылау болды. Сонымен қатар, «Әйелдер қанаты» қызметінің алдағы кезеңдегі басым бағыттары айқындалып, нақты міндеттер белгіленді.

69fd9df86a285.jpeg

Отырыс барысында қатысушылар әйелдердің қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысуын арттыру, өңірдегі әйелдер бастамаларын қолдау, әлеуметтік осал топтармен жүйелі жұмыс жүргізу мәселелеріне ерекше назар аударды. Әйелдердің әлеуетін дамыту, көшбасшылық қабілеттерін күшейту және өңірлік деңгейде тиімді жобаларды іске асыру бойынша ұсыныстар айтылды.


Кеңес қорытындысы бойынша 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, алдағы кезеңде жұмысты жандандыру, жаңа форматтағы жобаларды іске асыру және нақты нәтижелерге бағытталған іс-шараларды күшейту туралы шешім қабылданды.


Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасып, өңірдегі әйелдердің рөлін арттыруға және олардың қоғамдағы белсенділігін нығайтуға серпін бермек.

Ещё новости

Смотреть все
18 октября, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 октября, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

29 апреля, 2026

Алматы облысында әйелдерге жасанды интеллект мүмкіндіктері таныстырылды

Цифрлық сауаттылық, стартап және жасанды интеллект бойынша оқыту өтті

8 мая, 2026

«AMANAT»: в Конаеве депутаты и акимы осваивают новые подходы к работе с населением

В Конаеве стартовало трёхдневное модульное обучение по развитию функциональных компетенций, организованное Ака...

8 июня, 2026

В Университете Абая запущена новая программа EMBA по развитию женского лидерства

В Казахском национальном педагогическом университете имени Абая запущена новая образовательная инициатива, нап...

23 января, 2026

«Таңшолпан»: в Костанайской области начался новый этап развития женского политического лидерства

После теоретической части участницы перешли к практическим занятиям и приняли участие в дебатных сессиях. Разд...