Алматы облысында «Дәстүрі берік елдің – отбасы берекелі» атты кездесу
Алатау қаласында әйелдер қанатының ұйымдастыруымен «Дәстүрі берік елдің – отбасы берекелі» атты кездесу

Кездесудің басты мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және жас отбасыларға рухани қолдау көрсету.
Іс-шара барысында қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан отбасылық тәрбиесі, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, ата-ананы құрметтеу, балаға өнеге көрсету сынды ұлттық құндылықтар туралы кеңінен әңгіме қозғалды.
Қатысушылар отбасының қоғамдағы маңызына тоқталып, береке мен бірліктің бастауы – сыйластық пен өзара түсіністікте екенін атап өтті. Сонымен қатар, ұлттық салт-дәстүрді отбасы тәрбиесі арқылы жас ұрпақтың бойына сіңірудің маңыздылығы айтылды.