Алматы облысында Отбасы күніне орай «Бақытты отбасы – бақытты бала» тақырыбында тағылымды кездесу ұйымдастырылды
Кездесуге «Мерейлі отбасы» байқауында жүлделі орындарға ие болған өнегелі отбасылар қатысты. Шара барысында отбасылық құндылықтар, өзара сыйластық, ата-ана жауапкершілігі мен бала тәрбиесінің маңызы туралы ой бөлісілді.

Іс-шараның басты мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы өзара сыйластық пен түсіністікті нығайту, жас ұрпаққа отбасылық тәрбиенің маңызын түсіндіру.
Кездесу барысында қатысушылар отбасының бала тәрбиесіндегі рөлі, ата-ананың жауапкершілігі, ұлттық және рухани құндылықтарды ұрпақ бойына сіңіру мәселелері жөнінде ой бөлісті. Сонымен қатар, бақытты отбасының негізі – өзара құрмет, мейірім, сенім мен қолдау екені атап өтілді.
Тағылымды басқосуда отбасы мүшелерінің бір-біріне қамқор болуы, балаларға көңіл бөліп, олардың пікірін тыңдау қажеттігі жөнінде пайдалы кеңестер айтылды.
Шара соңында қатысушылар отбасы – қоғамның берік негізі екенін атап өтіп, шаңырақтағы татулық пен бала бақыты әр отбасы үшін ең басты құндылық екеніне тоқталды.