Алматыда әйелдер денсаулығын нығайту және отбасы институтын қолдау мәселелері талқыланды
8 қазан күні Қазақстан Республикасының Жоғары білім беру саласы қызметкерлері күніне орай «Әйелдер денсаулығын нығайту және отбасы институтын қолдау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Орталық қалалық клиникалық аурухана, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ішкі медицина кафедрасы және «Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалының Әйелдер қанаты бірлесіп ұйымдастырды.

Кездесу барысында Гүлзада Нұрғалиева, Элиф Салар және Шолпан Садықова әйелдердің ғылымдағы рөлі, репродуктивті денсаулық және оны сақтаудың заманауи тәсілдері туралы сөз қозғады. Психолог Алтын Сәкен отбасы мен мансап арасындағы тепе-теңдік мәселесіне тоқталса, Гүлмира Исламова балалардың психологиялық саулығы мен аналардың кәсіби дамуы туралы пікір білдірді.
Қатысушылар тәжірибе алмасып, әйелдер денсаулығын сақтау мен отбасы құндылықтарын нығайтудың тиімді жолдарын талқылады. Іс-шара соңында қатысушылар үшін қан қысымын, тамыр соғысын, қандағы глюкоза деңгейін және дене салмағының индексін өлшеуге арналған жедел диагностика ұйымдастырылды.