АРЫС ҚАЛАСЫНДА «МЕКТЕПКЕ НЫҚ ҚАДАММЕН!» АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Жаңа оқу жылы қарсаңында «Әділет» партиясының Арыс қалалық филиалы Әйелдер қанатының «Мектепке нық қадаммен!» атты республикалық қайырымдылық акциясын өткізді.
Акцияға демеушілік көрсеткен қалалық мәслихат депутаты Әмірхан Әженов, бастауыш партия ұйым төрағалары Серікбек Дәуренбеков және Санжар Маханов және акцияны қолдаған барша партияластарға алғыс білдіреміз.
Акцияның басты мақсаты – әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардың балаларына қолдау көрсетіп, оларды жаңа оқу жылына қажетті мектеп құралдарымен қамтамасыз ету.
Іс-шара барысында балаларға мектеп формалары, қажетті оқу құралдары табысталып, бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.
Баланың қуанышы – баршаға ортақ қуаныш!
Білім жолындағы әр қадам нық болсын!