Главная История Структура женского крыла Новости Контакты
Казахский | Русский
Регистрация
Поддержка женского политического... 23 января, 2026 Туркестанская область

Ауыл әйелдерінің көшбасшылығы: әлеуметтік жобалар

«AMANAT» партиясы Келес аудандық филиалы жанындағы облыстық Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен «Ауыл әйелдерінің көшбасшылығы: әлеуметтік жобалар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, ауыл әйелдерінің белсенділігін арттыру, әлеуметтік жобаларды қолдау бағытындағы ұсыныстарын білдірді.

Ауыл әйелдерінің көшбасшылығы: әлеуметтік жобалар
69fd7e4da209d.jpg

 

 

Келес ауданында «AMANAT» партиясы Келес аудандық филиалы жанындағы облыстық Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен «Ауыл әйелдерінің көшбасшылығы: әлеуметтік жобалар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға облыстық Әйелдер қанатының өкілі Манахова Ғалия Қанағатқызы, «AMANAT» партиясы Келес аудандық филиалының өкілдері, ауылдық округтерден келген белсенді әйелдер, кәсіпкер әйелдер, сондай-ақ қоғамдық ұйым мүшелері қатысты.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – ауыл әйелдерінің қоғамдағы рөлін арттыру, олардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту, әлеуметтік маңызы бар жобаларды қолдау және тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру болды.

Жиын барысында ауылдық жерлердегі әйелдердің әлеуметтік бастамалары, кәсіпкерлік жобаларды іске асыру мүмкіндіктері, мемлекеттік бағдарламалар аясында көрсетілетін қолдау тетіктері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, әйелдердің жергілікті деңгейде әлеуметтік мәселелерді шешуге белсенді араласуы, қоғамдық өмірге қатысуын күшейту бағытында бірқатар ұсыныстар айтылды.

Кездесу соңында қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, ауыл әйелдерінің белсенділігін арттыру, әлеуметтік жобаларды қолдау бағытындағы ұсыныстарын білдірді. Мұндай форматтағы іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын тауып, жүйелі түрде өткізілетін болады.

Ещё новости

Смотреть все
18 августа, 2026

В рамках социального проекта Qolqanat проведен практический тренинг «Внутренняя опора»

В рамках социального проекта Qolqanat проведен практический тренинг «Внутренняя опора»

7 августа, 2026

«Әділет» партиясының Бастауыш партия ұйымдарының республикалық форумы өтті.

«Әділет» партиясының Бастауыш партия ұйымдарының республикалық форумы өтті.

14 мая, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

6 мая, 2026

Әйелдердің қоғамдағы белсенділігін арттыру – басты назарда

"AMANAT" партиясының «Әйелдер аманаты» жобасы аясында Түлкібас ауданында белсенді әйелдермен мазмұнды кездесу...

8 мая, 2026

«AMANAT»: в Конаеве депутаты и акимы осваивают новые подходы к работе с населением

В Конаеве стартовало трёхдневное модульное обучение по развитию функциональных компетенций, организованное Ака...

12 июня, 2026

«AMANAT» партиясы «Әділет» партиясына қосылу туралы шешім қабылдады

«AMANAT» партиясы «Әділет» партиясына қосылу туралы шешім қабылдады Бүгін Астанада «AMANAT» партиясының кез...