Главная История Структура женского крыла Новости Контакты
Казахский | Русский
Регистрация
Поддержка женского политического... 5 марта, 2026 Акмолинская область

«Әйел әлемі – ел тағдырына жауапкершілік» форумы

«Әйел әлемі – ел тағдырына жауапкершілік» форумы

Елордада 5 наурыз күні өткен EXPO конгресс-орталығында «Әйел әлемі – ел тағдырына жауапкершілік» ұранымен әйелдер көшбасшыларының кездесуіне қатыстым. Іс-шараға елдің барлық өңірінен білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, ғылым, әлеуметтік сала және азаматтық қоғам өкілдері қатысып, барлығы мыңға жуық әйел бас қосты. Ақмола облысынан форумға 30 делегат қатысты.
Форум барысында қатысушыларды Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов пен Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева құттықтады. Олар өз сөздерінде 15 наурызда өтетін жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумның маңызын атап өтіп, ұсынылып отырған өзгерістер Қазақстанды әлеуметтік мемлекет ретінде одан әрі нығайтуға бағытталғанын айтты.
Кездесу барысында ел дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, цифрлық кеңістікте жеке деректерді қорғау, ғылым, білім және инновацияны қолдау, отбасы институтын нығайту, ана мен баланы қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар инклюзивті білім беруді дамыту, медицина қызметкерлерін қолдау, құқықтық айқындықты қамтамасыз ету, жеке меншікті қорғау, қоғамдық диалогтағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі және волонтерлік қозғалысты дамыту тақырыптары қозғалды.
Форум қатысушылары алдағы референдумға қатысты өз пікірлерін білдіріп, азаматтарды жаңа Конституцияны қолдап дауыс беруге шақырды.
Іс-шараның екінші бөлігі «100 өлең, 2000 эссе – әйелге деген шексіз құрмет» атты шығармашылық бөліммен жалғасты. Бұл бөлімде әр өңірден жинаққа енген шығармалардың авторлары өз туындыларын таныстырды. Ақмола облысынан ақын, жазушы Серік Жетпісқалиев «Көкшетаудың қыздары – ақ қайыңдар» атты өлеңін оқып берді.
Форум соңында қатысушыларға концерттік бағдарлама ұсынылды.

5 марта 2026 года приняла участие на встрече женщин-лидеров Казахстана, прошедшая под девизом «Мир женщин — ответственность за судьбу страны». Мероприятие объединило около тысячи участниц со всех регионов страны — представительниц образования, здравоохранения, бизнеса, науки, социальной сферы и гражданского общества. От Акмолинской области в форуме приняли участие 30 делегатов.
С приветственными словами к участникам обратились Председатель Мажилиса Парламента Ерлан Кошанов и заместитель Премьер-министра — министр культуры и информации Аида Балаева. В своих выступлениях они подчеркнули значение предстоящего референдума по принятию новой Конституции, который состоится 15 марта, отметив, что предлагаемые изменения направлены на дальнейшее укрепление Казахстана как социального государства.
В ходе форума обсуждались ключевые вопросы развития страны: защита персональных данных в цифровой среде, поддержка науки, образования и инноваций, укрепление института семьи, защита материнства и детства. Отдельное внимание было уделено развитию инклюзивного образования, поддержке медицинских работников, обеспечению правовой прозрачности, защите частной собственности, роли средств массовой информации в общественном диалоге и развитию волонтёрского движения.
Участники встречи выразили своё отношение к предстоящему референдуму и призвали граждан принять участие в голосовании за новую Конституцию.
Вторая часть форума прошла в творческом формате под названием «100 стихов, 2000 эссе — бесконечное уважение к женщине». Авторы из разных регионов страны представили свои произведения, вошедшие в одноимённый сборник. От Акмолинской области выступил поэт и писатель Серик Жетпискалиев, который прочитал стихотворение «Дочери Кокшетау — белые берёзы».
Завершилось мероприятие концертной программой для участников форума.

Ещё новости

Смотреть все
23 июня, 2026

Жаңа бастамалар мен нақты істер алаңы

Сарысу ауданында өткен Әйелдер қанатының отырысында әйелдердің көшбасшылығын дамыту, қоғамдық белсенділігін ар...

16 июня, 2026

«Айша бибі» көшбасшылық мектебінде кезекті семинар өтті

Өңірлік «Айша бибі» көшбасшылық мектебінің семинарында белсенді әйелдер көшбасшылық, командамен жұмыс, көпшілі...

14 мая, 2026

«Бір тағдыр, бір мақсат!» – инклюзивті тәжірибе алмасу алаңы

Инклюзивті тәжірибе алмасу алаңы

25 мая, 2026

«Бақытты отбасы»: день единства, тепла и семейных ценностей.

6 мая, 2026

Әйелдердің қоғамдағы белсенділігін арттыру – басты назарда

"AMANAT" партиясының «Әйелдер аманаты» жобасы аясында Түлкібас ауданында белсенді әйелдермен мазмұнды кездесу...

8 мая, 2026

«AMANAT»: в Конаеве депутаты и акимы осваивают новые подходы к работе с населением

В Конаеве стартовало трёхдневное модульное обучение по развитию функциональных компетенций, организованное Ака...