Главная История Структура женского крыла Новости Контакты
Казахский | Русский
Регистрация
Содействие укреплению женского з... 7 октября, 2026 Туркестанская область

«ӘЙЕЛ ӨМІРІ ҮШІН»

Сүт безі обыры туралы республикалық ақпараттандыру айлығы аясында Созақ ауданында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – әйелдер арасында сүт безі обырының алдын алу, ерте анықтау және тұрақты медициналық тексеруден өтудің маңыздылығын түсіндіру.

«ӘЙЕЛ ӨМІРІ ҮШІН»

Республикалық ақпараттандыру айлығы аясында «Сүт безінің саулығы туралы 5 минут» ақпараттық кездесуі және «Тексерілуге уақыт бөл» республикалық ашық есік күні ұйымдастырылды. Кездесу барысында мамандар әйелдерге сүт безі ауруларының алдын алу, алғашқы белгілеріне мән беру және уақытылы медициналық тексеруден өтудің маңыздылығы туралы кеңестер берді.

Іс-шараға «Әділет» партиясы Созақ аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының жетекшісі Отыншиева Рабиға Шамақызы және Созақ аудандық орталық емханасының маммолог дәрігері қатысып, әйелдер денсаулығын сақтау, аурудың алдын алу және скринингтік тексерулердің маңызы жөнінде жан-жақты ақпарат берді.

Сонымен қатар, тұрғындарға бейінді мамандардың кеңестері ұсынылып, қажетті медициналық тексерулерден өту тәртібі түсіндірілді. Кездесуде әйелдердің өз денсаулығына ұқыпты қарауы, профилактикалық тексерулерден уақытылы өтуі және аурудың алдын алу шараларын тұрақты жүргізуі қажеттігі атап өтілді.

Мамандар әйелдерді денсаулық жағдайына бейжай қарамауға, салауатты өмір салтын ұстануға және дәрігерлік тексерулерден жүйелі түрде өтуге шақырды.

Әйел денсаулығы – отбасы мен қоғам саулығының маңызды кепілі. Денсаулыққа уақыт бөлу – өз өміріңе қамқорлық жасау!

6ac5f457640c0.jpg
6ac5f45eeb939.jpg
6ac5f466db05c.jpg

 

 

Ещё новости

Смотреть все
18 октября, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 октября, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

14 мая, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

6 мая, 2026

Әйелдердің қоғамдағы белсенділігін арттыру – басты назарда

"AMANAT" партиясының «Әйелдер аманаты» жобасы аясында Түлкібас ауданында белсенді әйелдермен мазмұнды кездесу...

13 февраля, 2026

Салауатты сана, Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт

"Салауатты сана", "Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт" жобалары аясында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы №11 кол...

1 апреля, 2026

В Петропавловске владелица салона красоты «Vildana Studio» Вильдана Кожахметова организовала бесплатный курс в рамках партийного проекта «Бақытты отбасы»

Вильдана Кожахметова,член Женского крыла Северо-Казахстанского областного филиала партии «AMANAT» владелица с...