Главная История Структура женского крыла Новости Контакты
Казахский | Русский
Регистрация
Содействие укреплению женского з... 7 октября, 2026 Туркестанская область

ӘЙЕЛ ӨМІРІ ҮШІН

«Әділет» партиясы Кентау қалалық филиалы мен Кентау қалалық әйелдер қанатының бастауымен Республикалық ақпараттандыру айлығы аясында «Сүт безінің саулығы туралы 5 минут» ақпараттық кездесуі және «Тексерілуге уақыт бөл» республикалық ашық есік күні ұйымдастырылды.

ӘЙЕЛ ӨМІРІ ҮШІН

Сүт безі обыры туралы республикалық ақпараттандыру айлығы аясында Кентау қаласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – әйелдер арасында сүт безі обырының алдын алу, ерте анықтау және тұрақты медициналық тексеруден өтудің маңыздылығын түсіндіру.

Республикалық ақпараттандыру айлығы аясында «Сүт безінің саулығы туралы 5 минут» ақпараттық кездесуі және «Тексерілуге уақыт бөл» республикалық ашық есік күні ұйымдастырылды. Кездесу барысында мамандар әйелдерге сүт безі ауруларының алдын алу, алғашқы белгілеріне мән беру және уақытылы медициналық тексеруден өтудің маңыздылығы туралы кеңестер берді.

Іс-шараға «Әділет» партиясы Кентау қалалық филиалының басшысы Басаров Арман Амангелдіұлы және Кентау қалалық әйелдер қанатының төрайымы Аяпбергенова Роза Мұратқызы, Кентау қалалық емхана басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Утегенова Алия Сагидулатовна, жоғары санатты дәрігер онколог-маммолог Ақмалаева Жұлдыз Өмірзаққызы, «Өркен» емханасының онколог-маммологы Тайталиева Лейла Нұрғалиқызы қатысты.

Сонымен қатар, «Денсаулық керуені» жобасы аясында тұрғындарға бейінді мамандардың кеңесі ұсынылып, клиникалық көрсетілімдерге сәйкес қажетті зерттеулерге жолдау және скринингтік тексерулерге қатысу тәртібі жөнінде ақпарат берілді. Тексерулер медициналық ұйымдардың мүмкіндіктері мен қолданыстағы тәртіп талаптарына сәйкес жүргізілді.

Мамандар әйелдерді өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, профилактикалық тексерулерден уақытылы өтуге және аурудың алдын алуға шақырды.

Әйел денсаулығы – отбасы мен қоғам саулығының маңызды кепілі. Денсаулыққа уақыт бөлу – өз өміріңе қамқорлық жасау!

Ещё новости

Смотреть все
18 октября, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 октября, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

14 мая, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

6 мая, 2026

Әйелдердің қоғамдағы белсенділігін арттыру – басты назарда

"AMANAT" партиясының «Әйелдер аманаты» жобасы аясында Түлкібас ауданында белсенді әйелдермен мазмұнды кездесу...

13 февраля, 2026

Салауатты сана, Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт

"Салауатты сана", "Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт" жобалары аясында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы №11 кол...

1 апреля, 2026

В Петропавловске владелица салона красоты «Vildana Studio» Вильдана Кожахметова организовала бесплатный курс в рамках партийного проекта «Бақытты отбасы»

Вильдана Кожахметова,член Женского крыла Северо-Казахстанского областного филиала партии «AMANAT» владелица с...