«Әйел өмірі үшін»: Сайрамда сүт безі обырының алдын алу мәселелері көтерілді
Бүгін, "Әділет" партиясы Сайрам аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен, Сайрам аудандық орталық емханасында Онколог-маммологтар қауымдастығымен бірлесе "Әйел өмірі үшін" атты іс-шарасы өткізілді.
Шараның негізгі басты мақсаты. Қыз-келіншектер мен әйелдердің өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына қолдау көрсету, ауруды ерте анықтаудың маңыздылығын түсіндіру және ем қабылдап жатқан әйелдерге қолдау көрсету болып табылады. Шара барысында, "Әйелдер қанаты" жетекшісі Кенжебекова Шынар Қонысбекқызы, аталған тақырыптың мақсаты мен міндеттеріне тоқталып өтті. Сүт безі обыры туралы халықтың сауаттылығы мен хабардарлығын арттыру, аналар дәрігермен ашық кеңесуге, ауруды ерте диагностикалау, қауіп факторлары туралы түсінікті ақпарат тарату, пациенттердің тәжірибесін ұқыпты әрі әдепті түрде көрсету, стигматизацияны азайту, ауылдық елдімекендердегі әйелдерді қамту, пациенттер және олардың отбасыларына қоғамдық қолдау көрсету деді Әйелдер қанатының жетекшісі. Келесі сөз кезегін Онколог-маммолог дәрігері Арайлым Көшерова алып, іс-шараның маңыздылығына тоқталды. Сүт безі обыры - әйелдердің денсаулығына қатысты маңызды мәселелердің бірі. Уақытылы тексеруден өту, ауру белгілері пайда болған жағдайда тез арада дәрігерге жүгіну және дұрыс әрі сенімді ақпаратқа қол жеткізу ауруды ерте анықтауға мүмкіндік береді деді дәрігер. Сонымен қатар, Сайрам аудандық емханасының Онколог-маммолог дәрігері Дилфуза Сағынтаева, сүт безі обыры туралы баяндама жасап, қыз-келіншектер мен аналарға аурудың алдын алу және оны болдырмау мақсатында өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарап, уақытылы дәрігерге көрінуіне шақырды. Сайрам ауданы орталық ауруханасы бас дәрігердің орынбасары Зарипа Оспанова, бүгінгі маңызды шара жоғары деңгейде өтті деп, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді. Шара соңында, пікір алмасып, әйелдерге пайдалы медициналық ақпараттар таратылды.




