Главная История Структура женского крыла Новости Контакты
Казахский | Русский
Регистрация
Поддержка женского политического... 24 апреля, 2026 г.Шымкент

Әйелдер қанаты: негізгі мәселелер, жобалар және құрамды жаңарту

Әйелдер қанаты: негізгі мәселелер, жобалар және құрамды жаңарту

Шымкент қаласында әйелдердің қоғамдық белсенділігін арттыру мен отбасы құндылықтарын нығайтуға бағытталған маңызды басқосу өтті. Атап айтқанда, «AMANAT» партиясы қалалық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының кезекті отырысы ұйымдастырылып, оған ұйым жетекшісі Наргиза Керимбаева, жетекшінің орынбасары Назипа Мамықова, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Алия Юсупова және кеңес мүшелері қатысты. Отырыстың күн тәртібіне сәйкес, Әйелдер қанатының 2025–2026 жылдар аралығында атқарған жұмыстарының қорытындылары қаралып, алдағы кезеңге арналған негізгі бағыттар айқындалды. Жиын барысында жүзеге асырылған жобалар мен бастамалардың тиімділігі сараланып, олардың қоғамдағы әлеуметтік маңызы атап өтілді. Ұйым жетекшісі Наргиза Керимбаева өз баяндамасында есепті кезеңде атқарылған жұмыстарға жан-жақты тоқталып, әйелдердің қоғамдық-саяси белсенділігін арттыру, отбасы институтын нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытында қолға алынған бірқатар маңызды бастамалардың нәтижелерімен таныстырды. Сондай-ақ, отырыс барысында «Әйел Аманаты» жобасы аясында іске асырылатын «Қарашаш ана» өңірлік жобасы кеңінен таныстырылды. Жобаны таныстырған жетекшінің орынбасары Назипа Мамықова оның негізгі мақсат-міндеттеріне тоқталып, бастаманың қоғамдағы рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтуға, үлгілі аналар мен өнегелі отбасыларды насихаттауға бағытталғанын атап өтті. Аталған жоба аясында аналар мен қыз-келіншектерге арналған тағылымдық кездесулер, семинар-тренингтер, білім беру ұйымдарында тәрбие сағаттары, киелі орындарға танымдық сапарлар ұйымдастыру, сондай-ақ психологиялық қолдау көрсету және өмірлік дағдыларды қалыптастыруға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр. Жиын қорытындысы бойынша қатысушылар жаңа жобаға қатысты өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, мазмұнды пікір алмасу жүргізді. Сонымен қатар, алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспары нақтыланып, белгіленген міндеттерді сапалы әрі жүйелі түрде жүзеге асыру мақсатында нақты тапсырмалар жүктелді.

Ещё новости

Смотреть все
18 октября, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 октября, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

26 мая, 2026

Әйелдер қанаты: тұрғындар мәселесіне қолдау

13 мая, 2026

Әйелдер қанаты: «Бақытты отбасы»

8 июня, 2026

В Университете Абая запущена новая программа EMBA по развитию женского лидерства

В Казахском национальном педагогическом университете имени Абая запущена новая образовательная инициатива, нап...

23 января, 2026

«Таңшолпан»: в Костанайской области начался новый этап развития женского политического лидерства

После теоретической части участницы перешли к практическим занятиям и приняли участие в дебатных сессиях. Разд...