ӘЖЕДЕН АЛҒАН ТӘРБИЕ – ҰРПАҚҚА ҚАЛҒАН АМАНАТ
Кездесу барысында әжелер немерелеріне ою-өрнек, құрақ құрау, тоқу, шаш өру сияқты ұлттық қолөнердің қыр-сырын үйретті. Бір қарағанда бұл қарапайым шеберлік сабақтары сияқты көрінуі мүмкін. Алайда оның астарында үлкен тәрбие жатыр. Әже немересіне ою үйрету арқылы – ұлттық дүниетанымды, құрақ құрау арқылы – бірлік пен үйлесімділікті, тоқу арқылы – еңбекқорлық пен төзімділікті, шаш өру арқылы – қыз баланың ұқыптылығы мен әдептілігін үйретеді. Осындай сәттерде ұлттық тәрбие сөзбен емес, іспен беріледі. Әсіресе қыз бала тәрбиесіне келгенде, әже өнегесінің орны бөлек. Қыздың бойына инабаттылықты, жауапкершілікті, үлкенді сыйлауды, отбасының қадірін білуді сіңіру – болашақ ана мен болашақ ұрпақ тәрбиесіне салынған инвестиция деп білемін. Отбасы құндылықтарын дәріптеу – тек бір күндік шараның міндеті емес. Бұл – қоғам болып қолға алатын маңызды бағыт.
ӘЖЕДЕН АЛҒАН ТӘРБИЕ – ҰРПАҚҚА ҚАЛҒАН АМАНАТ
Бүгін «Отбасы құндылықтары – ұрпақ негізі» тақырыбындағы тағылымды іс-шара аясында аяулы әжелер мен сүйікті немерелердің басын қосқан мазмұнды кездесудің куәсі болдық.
Бұл шараға аудандық әйелдер қанаты қоғамдық ұйымының төрайымы ретінде қатысу мен үшін ерекше мәнге ие болды. Себебі әйел – отбасының ұйытқысы, ал әже – ұлттық тәрбиенің алтын арқауын жалғастырушы тұлға.
Қазіргі қоғамда бала тәрбиесіне қатысты көптеген мәселелерді талқылаймыз. Бірақ тәрбиенің ең алғашқы әрі ең маңызды мектебі – отбасы екендігін ешқашан ұмытпауымыз керек. Ал сол отбасындағы ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыруда әженің орны ерекше.
Кездесу барысында әжелер немерелеріне ою-өрнек, құрақ құрау, тоқу, шаш өру сияқты ұлттық қолөнердің қыр-сырын үйретті. Бір қарағанда бұл қарапайым шеберлік сабақтары сияқты көрінуі мүмкін. Алайда оның астарында үлкен тәрбие жатыр.
Әже немересіне ою үйрету арқылы – ұлттық дүниетанымды,
құрақ құрау арқылы – бірлік пен үйлесімділікті,
тоқу арқылы – еңбекқорлық пен төзімділікті,
шаш өру арқылы – қыз баланың ұқыптылығы мен әдептілігін үйретеді.
Осындай сәттерде ұлттық тәрбие сөзбен емес, іспен беріледі.
Әсіресе қыз бала тәрбиесіне келгенде, әже өнегесінің орны бөлек. Қыздың бойына инабаттылықты, жауапкершілікті, үлкенді сыйлауды, отбасының қадірін білуді сіңіру – болашақ ана мен болашақ ұрпақ тәрбиесіне салынған инвестиция деп білемін.
Отбасы құндылықтарын дәріптеу – тек бір күндік шараның міндеті емес. Бұл – қоғам болып қолға алатын маңызды бағыт. Себебі отбасы мықты болса, қоғам да тұрақты болады.
Осы мазмұнды шараны ұйымдастырған «Отбасын қолдау орталығы» КММ-не, сондай-ақ іс-шараның өтуіне белсене атсалысқан аудандық «Тең қоғам» белсенді ұзақ өмір сүру орталығына алғысымды білдіремін.
Әжелеріміздің өнегесі ұрпақ жүрегінде сақталсын.
Ұлттық өнеріміз ұмытылмай, қыздарымыз әже көргенін, ұлдарымыз ата көргенін жалғастыра берсін.
Ұрпақ тәрбиесі – баршамызға ортақ жауапкершілік.
Ал оның бастауы – отбасы. 🤍
#ОтбасыҚұндылықтары #ҰрпақСабақтастығы #ӘжеӨнегесі #ӘйелдерҚанаты #ҰлттықТәрбие #ҰлттықҚұндылық #ОтбасынҚолдауОрталығы #ТеңҚоғам