БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАУ — БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ МІНДЕТ
1 маусым қарсаңында Шымкент қалалық мәслихат депутаты, Әйелдер қанатының белсенді мүшесі Айжан Наимбекова ерекше күтімді қажет ететін балаларды құттықтап, сыйлықтар табыстады. Іс-шара балаларға қуаныш сыйлап, оларға қолдау көрсету мен қамқорлықтың маңызын насихаттауға бағытталды.
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Шымкент қалалық мәслихат депутаты, Әйелдер қанатының белсенді мүшесі Наимбекова Айжан Ізбасханқызы қала аумағындағы қорғаншылық және қамқоршылық тәрбиедегі ерекше күтімді қажет ететін бірнеше кәмелетке толмаған балаларды арнайы құттықтады.
Балаларға тәттілер, азық-түлік себеттері мен арнайы сыйлықтар табысталып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Балалардың жүзіндегі қуаныш пен шынайы күлкі — біз үшін ең үлкен марапат.
Әрбір бала мейірім мен қамқорлыққа, бақытты балалық шаққа лайық. Осындай игі шаралар арқылы қоғам назарын балалардың құқықтарын қорғауға және оларға қолдау көрсетуге аудару — баршамыздың ортақ міндетіміз.
Барша бүлдіршіндерді келе жатқан мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Әр баланың арманы орындалып, күлкісі ешқашан сөнбесін!