БІЛІМДІ ӘЙЕЛ - ҚОҒАМНЫҢ ШАМШЫРАҒЫ
Әйел – отбасының ғана емес, қоғамның да шамшырағы. Білім мен ғылым жолында табысқа жеткен арулар – өскелең ұрпаққа үлкен үлгі.
Гендерлік теңдік қағидаттарын насихаттау және ғылым мен білім саласында жетістікке жеткен нәзік жанды жерлесіміз Шілдебаева Жанар Төлешбайқызы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Аққұм ауылында 1971 жылы 4 ақпанда дүниеге келген. Қазіргі таңда Алдаберген Бисенов атындағы № 38 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Білім мен ізденісті серік еткен жанның жетістігі – жастарға жігер, қыз балаларға қанат бітіреді. Қай салада болмасын табандылық пен еңбек арқылы биік белестерді бағындыруға болатынын дәлелдеген жерлесіміздің өнегелі жолы көпшілікке үлгі.
Қоғамдағы әйелдердің ғылым, білім және қоғамдық саладағы рөлін арттыру – уақыт талабы. Гендерлік теңдік мәдениетін қалыптастыру арқылы біз болашақ ұрпаққа тең мүмкіндік пен жарқын келешек сыйлай аламыз.
«Білімді әйел – ұлт болашағының тірегі».
Осындай жетістікке жеткен аруларымыз көбейе берсін!