Главная История Структура женского крыла Новости Контакты
Казахский | Русский
Регистрация
Женщины в науке 24 сентября, 2026 Туркестанская область

Ғылымдағы әйелдер – ел болашағының интеллектуалдық тірегі

«Әділет» партиясы Түркістан облыстық филиалы Әйелдер қанатының бастамасымен Кентау көпсалалы колледжінде Жоғары білім қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған әйел ғалымдардың жастармен кездесу болды. Іс-шараға облыстық Әйелдер қанатының белсенді мүшелері қатысып, «Ғылымдағы әйелдер» бағыты бойынша ғылым саласында еңбек етіп жүрген әйелдердің тәжірибесі мен жетістіктері жас толқынға таныстырылды.

Ғылымдағы әйелдер – ел болашағының интеллектуалдық тірегі

«Әділет» партиясы Түркістан облыстық филиалы Әйелдер қанатының бастамасымен Кентау көпсалалы колледжінде Жоғары білім қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған әйел ғалымдардың жастармен кездесу болды. Іс-шараға облыстық Әйелдер қанатының белсенді мүшелері қатысып, «Ғылымдағы әйелдер» бағыты бойынша ғылым саласында еңбек етіп жүрген әйелдердің тәжірибесі мен жетістіктері жас толқынға таныстырылды.

Елімізде 1 қазан – Жоғары білім қызметкерлерінің күні ретінде кеңінен атап өтіледі. Оның басты мәні – елдің интеллектуалдық әлеуетін қалыптастырып, жас ұрпаққа сапалы білім беріп, ғылымның дамуына үлес қосып жүрген азаматтардың еңбегін дәріптеу. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша соңғы бес жылда ғылымға бөлінетін қаржы көлемі алты еседен астам өсті. Ғылыми ізденіспен айналысатын жастарға гранттар қарастырылып, халықаралық тағылымдамалардан өтуге мүмкіндік жасалды. Соңғы үш жылда 600-ден астам жас ғалым баспанамен қамтамасыз етілді.

Ғылымға келген әрбір жаңа буын – мемлекеттің зияткерлік әлеуетін қалыптастыратын күш.

«Әділет» партиясының Әйелдер қанаты үшін «Ғылымдағы әйелдер» бағыты бір реттік іс-шарамен шектелмейді. Алдағы уақытта да ғылым жолын таңдаған әйелдер мен жастардың басын қосып, олардың пікірін тыңдау, тәжірибе алмасу және ғылыми ізденіске қызығушылығын арттыру бағытындағы кездесулер тұрақты түрде жалғасын табады. Партиямыз осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып, ғылымдағы әйелдердің еңбегін дәріптеуге және жастардың ғылыми ортаға еркін араласуына мүмкіндік беретін жаңа алаңдарды қалыптастыруды көздейді.

6abdf5692bbe4.jpg
6abdf5692591c.jpg
6abdf56920795.jpg
6abdf5767a707.jpg

Ещё новости

Смотреть все
18 октября, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 октября, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

14 мая, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

6 мая, 2026

Әйелдердің қоғамдағы белсенділігін арттыру – басты назарда

"AMANAT" партиясының «Әйелдер аманаты» жобасы аясында Түлкібас ауданында белсенді әйелдермен мазмұнды кездесу...

11 апреля, 2026

Наследие великого учёного увековечено!

24 мая, 2026

Лидерство будущего: цифровизация, ИИ и новые возможности

В Nazarbayev University прошло оффлайн-занятие программы EMBA «Лидерство 5.0: цифровизация и ИИ в корпоративно...