Главная История Структура женского крыла Новости Контакты
Казахский | Русский
Регистрация
Содействие развитию инклюзивного... 15 сентября, 2026 г.Шымкент

ИНКЛЮЗИВТІ СПОРТ ФЕСТИВАЛІН ӨТКІЗУ ЖИНАЛЫСЫ

ШЫМКЕНТТЕ «ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР» ИНКЛЮЗИВТІ СПОРТ ФЕСТИВАЛІН ӨТКІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ИНКЛЮЗИВТІ СПОРТ ФЕСТИВАЛІН ӨТКІЗУ ЖИНАЛЫСЫ

ШЫМКЕНТТЕ «ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР» ИНКЛЮЗИВТІ СПОРТ ФЕСТИВАЛІН ӨТКІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Балаларды спорт арқылы біріктіру – олардың арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықты қалыптастырудың тиімді жолдарының бірі. Осы бағыттағы бастамалардың бірі ретінде Шымкентте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған «Тең мүмкіндіктер» инклюзивті спорт фестивалін өткізу жоспарланып отыр.
Фестивальді ұйымдастыруға қатысты мәселелер «Әділет» партиясы Шымкент қалалық филиалында өткен жиында талқыланды. Кездесуге партия филиалының «Әйелдер қанатының» және салаға жауапты мекемелердің өкілдері қатысты.
Жиында алдағы спорттық шараның форматы, қатысушылар құрамы мен жарыс бағыттары сөз болды. Екі кезеңнен тұратын фестивальге мектеп оқушылары үш жас санаты бойынша қатысады деп жоспарланған. Атап айтқанда, 3–4 сынып оқушылары – кіші санатта, 5–6 сыныптар – орта санатта, 7–8 сынып оқушылары жоғары санатта бақ сынайды.
Фестиваль бағдарламасына бочча, «Көңілді старттар» және жеңіл атлетика спорт түрлері енгізілмек. Осы арқылы балаларға өз қабілеттерін көрсетуге, спорттық ортада тәжірибе жинақтауға және бір-бірімен еркін араласуға мүмкіндік беру көзделіп отыр.
Бастаманың негізгі мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қоғамнан бөліп-жармай, олардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына жағдай жасау. Сонымен қатар спорт арқылы балалардың өзіне деген сенімін арттыру, бәсекеге қабілеттілік рухын қалыптастыру, өз мүмкіндіктерін танытуына және жаңа ортаға бейімделуіне қолдау көрсету көзделіп отыр.
Жиын барысында фестивальдің тәрбиелік мәніне де баса назар аударылды. Ұйымдастырушылардың пікірінше, ерекше балалар мен олардың құрдастарының бір алаңда бірге өнер көрсетіп, жарысуы өзара түсіністік пен толеранттылықты қалыптастыруға ықпал етеді.
«Тең мүмкіндіктер» фестивалі – тек спорттық жарыс емес, балаларды достық пен ынтымақтастыққа біріктіретін орта қалыптастыруға бағытталған жоба. Сондықтан оны мазмұнды әрі балалар үшін қолайлы форматта өткізу, әр қатысушының өзін еркін сезінуіне жағдай жасау – ұйымдастыру жұмыстарының негізгі назарында болмақ.