Главная История Структура женского крыла Новости Контакты
Казахский | Русский
Регистрация
Содействие укреплению женского з... 16 сентября, 2026 Карагандинская область

ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНДА ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ЗАМАНАУИ ОТБАСЫ ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Заманауи отбасы: дәстүрлі құндылықтар мен жаңа шынайылық» атты тақырыпта студенттермен кездесу өткізілді.

ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНДА ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ЗАМАНАУИ ОТБАСЫ ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Әділет» партиясы Әйелдер қанатының мүшелері Қарағанды ұлттық зерттеу университетнің студенттерімен «Заманауи отбасы: дәстүрлі құндылықтар мен жаңа шынайылық» — тақырыбында кездесу өткізді.

 

Кездесуде бүгінгі отбасының сипаты, жаңа шынайылықтар, өзгеріп жатқан көзқарастар мен отбасылық қарым-қатынастағы әр адамның рөлі туралы сөз қозғалды. Сондай-ақ қай дәуірде де маңызын жоғалтпайтын құндылықтар — сыйластық, махаббат, өзара түсіністік, жауапкершілік пен қолдау жайы айтылды.

 

Бұл әңгіменің дәл жастармен өрбігені өте маңызды. Өйткені бүгінгі студенттер — ертеңгі ата-ана, жұбайлар, мамандар және ертеңгі қоғамды қалыптастыратын азаматтар.

 

Осындай кездесулер отбасылық құндылықтар туралы жай ғана айтып қоймай, жас ұрпақтың пікірін естуге, маңызды мәселелерді ақыл-кеңес айтусыз ашық талқылауға және қазіргі заманның сын-қатерлеріне бірге жауап іздеуге мүмкіндік береді.

 

Отбасы — қоғамның діңгегі. Жастармен өзара құрмет, жауапкершілік және жақындардың қадірі туралы неғұрлым ерте сөйлессек, ертеңгі қоғамымыз да соғұрлым берік болады.

 

Ашық диалог алаңдарын одан әрі құрып, шынымен де маңызды дүниелер туралы сөз қозғауды жалғастырамыз.

6aaa3b3c28efa.jpg
6aaa3b2c65ef1.jpg

Ещё новости

Смотреть все
18 октября, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 октября, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

22 мая, 2026

Женское крыло партии «AMANAT» приняло участие в проекте She Impact Kazakhstan KZ:

Представители женского крыла партии «AMANAT» приняли участие в республиканском образовательном проекте She Imp...

23 мая, 2026

Вместе создаём зелёное будущее Караганды

Женское крыло партии «AMANAT» приняло участие в экологической акции в рамках программы «Таза Қазақстан». На те...

14 мая, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

13 февраля, 2026

Салауатты сана, Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт

"Салауатты сана", "Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт" жобалары аясында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы №11 кол...