ҚАРТТАР КҮНІНЕ ОРАЙ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ШАХМАТШЫЛАР ҮЙІНДЕГІ ҚАРТТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ
Қарттар күніне орай бүгін Шымкент қаласында «Әділет» партиясының Әйелдер қанаты мен партия белсенділерінің ұйымдастыруымен аға буын өкілдеріне құрмет көрсетуге арналған бірқатар іс-шара өтті.
ҚАРТТАР КҮНІНЕ ОРАЙ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ
ШАХМАТШЫЛАР ҮЙІНДЕГІ
ҚАРТТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ
Қарттар күніне орай бүгін Шымкент қаласында «Әділет» партиясының Әйелдер қанаты мен партия белсенділерінің ұйымдастыруымен аға буын өкілдеріне құрмет көрсетуге арналған бірқатар іс-шара өтті.
Ардагерлермен кездесіп, ақжарма тілектерімізді жеткізіп, арнайы сыйлықтар табыстадық.
Орталық саябақтағы Шахматшылар үйінде «ҮШ ҰРПАҚ – ОРТАҚ МҰРАТ» республикалық фестивалі аясында аға буын өкілдері мен жастар арасында достық шахмат турнирі өтіп, қатысушылар өзара тәжірибе алмасты.
Мұндай кездесулер – үлкенге құрмет көрсетіп, ұрпақтар сабақтастығын нығайтудың маңызды үлгісі.