Главная История Структура женского крыла Новости Контакты
Казахский | Русский
Регистрация
Женщины в науке 2 октября, 2026 Туркестанская область

Қарттарымыз- қазынамыз!

«Әділет» партиясы Түркістан облыстық филиалы Әйелдер қанатының бастамасымен Халықаралық қарттар күніне орай «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында мерекелік құттықтау.

Қарттарымыз- қазынамыз!

«Әділет» партиясы Түркістан облыстық филиалы Әйелдер қанатының бастамасымен Халықаралық қарттар күніне орай «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында Шарапат Есенбаева 1935 жылдың 24 наурызында дүниеге келген Шарапат Есенбаева апамызды мерекемен құттықтады. Өмірдің талай белесін абыроймен еңсеріп, ел мен жердің тағдыры сынға түскен қиын кезеңдерде маңдай терін төгіп, адал еңбегімен елге қызмет еткен ардақты жан.Шарапат ана — отбасының ұйытқысы, ұрпағының ақылшысы болған аяулы жан. «Батыр ана», «Алтын құрсақ ана» атанып, бала тәрбиесін өмірінің ең үлкен жауапкершілігі әрі бақыты деп білді. Ұрпағын имандылыққа, еңбекқорлыққа, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиеледі.Оның ғұмыры — еңбек пен төзімнің, ана мейірімі мен отбасына деген адалдықтың жарқын үлгісі. Шарапат ананың әрбір атқарған ісі, айтқан ақылы мен берген тәрбиесі — кейінгі ұрпаққа қалдырған асыл мұрасы.

Құрметті ардагер әжелер мен апалар!

Сіздерді Қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздер – елдің дамуына өлшеусіз үлес қосқан, саналы ғұмырын адал еңбекке арнаған ардақты жандарсыздар. Сіздердің өмір жолдарыңыз бен өнегелеріңіз – кейінгі ұрпақ үшін баға жетпес қазына.

Әйелдер қанатының атынан сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен береке тілейміз. Әрдайым жақындарыңыздың аялы алақаны мен құрметіне бөленіп, бала-шағаңыздың, немере-шөберелеріңіздің қуанышын көріп, бақытты ғұмыр кешіңіздер!

Жүректеріңізден жылулық, жүздеріңізден күлкі кетпесін! Әр күндеріңіз қуаныш пен жақсы жаңалықтарға толы болсын!

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Теги
Женщины в науке Международное партнерство и лучшие практики для женщин

Ещё новости

Смотреть все
18 октября, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 октября, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

14 мая, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

6 мая, 2026

Әйелдердің қоғамдағы белсенділігін арттыру – басты назарда

"AMANAT" партиясының «Әйелдер аманаты» жобасы аясында Түлкібас ауданында белсенді әйелдермен мазмұнды кездесу...

11 апреля, 2026

Наследие великого учёного увековечено!

23 мая, 2026

Вместе создаём зелёное будущее Караганды

Женское крыло партии «AMANAT» приняло участие в экологической акции в рамках программы «Таза Қазақстан». На те...