ҚАРТТАРЫМЫЗДЫ ҚАДІРЛЕУ – БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ ПАРЫЗ
Ауданымыздың шалғай елді мекендерінде тұратын ардагерлер мен ақ жаулықты аналарымыздың, қазыналы қарттарымыздың мереке қарсаңында ғана емес, жылдың әр күнінде назардан тыс қалмай, құрмет пен қамқорлыққа бөленуі – баршамызға ортақ міндет. Қартын сыйлаған елдің берекесі артады. Өйткені қария – өткеннің куәсі, бүгіннің қадірін білетін, ертеңге бағыт беретін тірі тарих. Бүгінгі ұрпақтың үлкенге көрсеткен құрметі – ертең өзіне көрсетілер құрметтің бастауы.
1 қазан – Қарттар күніне орай Бәйдібек аудандық «Әділет» партиясы жанындағы Әйелдер қанатының бастамасымен Боралдай ауыл округінде тұратын, ғасыр жасаған тыл ардагері Филатова Милита әжеге арнайы барып, мерекелік құттықтауымызды жеткізіп, ақжарма тілегімізді білдірдік.
Ғасыр ғұмыр – бір адамның ғана емес, тұтас бір дәуірдің шежіресі. Милита әженің өмір жолы – туған жерге адал еңбек етудің, елге деген құрметтің, адамға деген ізгіліктің жарқын үлгісі.
Ұлты мен туған жері басқа болғанымен, жүрегі – қазақ деп соққан аяулы әже жастайынан Қазақстан жерінде еңбек етіп, елдің қуанышы мен қиындығын бірге өткерген. Қазақтың салт-дәстүрін бойына сіңіріп, ана тілімізде ақ батасын беріп, елге деген ыстық ықыласын білдірді. Әженің әрбір сөзі мен ақ батасынан туған жерге деген сүйіспеншілік пен адамзатқа деген мейірім анық сезілді.
Бүгінде жасы жүзге жеткен Милита әженің жүріп-тұруы қиындап, төсек тартып жатқанына қарамастан, бізді көргенде жүзі жадырап, көңілі көтеріліп сала берді. Ақ жаулығын айбынына айналдырған әже бізге жүрекжарды ақ тілегін айтып, батасын берді. Тіпті амандық болса, келесі жылы да арнайы келіп, мерекені бірге атап өтуді ниет етті.
Бұл кездесу біз үшін жай ғана мерекелік құттықтау емес, үлкен тағылым болды.
Қарияның жүзіндегі қуаныш – біз үшін ең үлкен сый. Ал ақ батасы – ұрпаққа аманат.
Ауданымыздың шалғай елді мекендерінде тұратын ардагерлер мен ақ жаулықты аналарымыздың, қазыналы қарттарымыздың мереке қарсаңында ғана емес, жылдың әр күнінде назардан тыс қалмай, құрмет пен қамқорлыққа бөленуі – баршамызға ортақ міндет.
Қартын сыйлаған елдің берекесі артады. Өйткені қария – өткеннің куәсі, бүгіннің қадірін білетін, ертеңге бағыт беретін тірі тарих.
Бүгінгі ұрпақтың үлкенге көрсеткен құрметі – ертең өзіне көрсетілер құрметтің бастауы.
Милита әжеге зор денсаулық, көңілге тыныштық, жүрекке қуаныш тілейміз! Ақ батасыңыз бен ізгі тілегіңіз әрдайым бізге жол көрсетсін. Ғасырлық ғұмырыңыздың өнегесі кейінгі ұрпаққа мәңгілік үлгі болғай!
Қарттарымыз аман болсын!
Ақ баталы әжелеріміздің, ардақты аталарымыздың ғұмыры ұзақ болсын!
Әр шаңырақта үлкеннің батасы мен мейірімі үзілмесін!
#ҚарттарКүні #ӘйелдерҚанаты #БәйдібекАуданы #Боралдай #ҚариясынҚадірлегенЕл #АқБата #ҰрпаққаӨнеге