Главная История Структура женского крыла Новости Контакты
Казахский | Русский
Регистрация
Содействие укреплению женского з... 14 октября, 2026 Туркестанская область

Қазығұрт ауданында сүт безі обыры туралы хабардарлық айлығы өткізілді: әйел денсаулығы – ұлт саулығы

Сүт безі обыры туралы Республикалық хабардарлық айлығы өткізілді Әрбір әйел – бір отбасының жүрегі, баласының аяулы анасы, жақындарының жанашыры. Ол отбасына жылулық сыйлап, айналасына мейірім төгеді. Алайда күнделікті тіршіліктің қарбаласымен жүріп, кейде өз денсаулығын кейінге ысырып қоятыны жасырын емес.

Қазығұрт ауданында сүт безі обыры туралы хабардарлық айлығы өткізілді: әйел денсаулығы – ұлт саулығы

 Сондықтан әйел денсаулығын қорғау, аурудың алдын алу және өмірді сақтауға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу – қоғамның маңызды міндеттерінің бірі.

Осы мақсатта Әділет партиясы Қазығұрт аудандық партия филиалының ұйымдастыруымен сүт безі обыры туралы хабардарлыққа арналған республикалық айлық Қазығұрт аудандық орталық ауруханасында және Қазығұрт аудандық белсенді ұзақ өмір сүру орталығында өткізілді. Аталған ісшараға Қазығұрт аудандық Әйелдер қанатының жетекшісі П.Ырсалы және жауапты сала мамандары қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың медициналық сауаттылығын арттыру, аурудың алдын алу жолдарын түсіндіру, ерте анықтаудың маңыздылығын насихаттау және әйелдерді өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақыру.

Сүт безі обыры – әйелдер арасында кездесетін өзекті онкологиялық аурулардың бірі. Дертті ерте кезеңде анықтау емнің тиімді болуына мүмкіндік береді. Сондықтан сүт безіндегі өзгерістерге назар аударып, дәрігерге уақытылы қаралу және жас ерекшелігіне, жеке қауіп факторларына сәйкес ұсынылатын скринингтік тексерулерден өту аса маңызды.

Денсаулыққа уақыт бөлу – өмірге деген құрмет. Кейде бір тексеруден өту туралы шешім адамның болашағы үшін маңызды қадамға айналуы мүмкін. Өзгенің қамын ойлап жүрген аналар мен арулар өз денсаулығын да ұмытпауы керек. Өйткені ананың амандығы – баланың бақыты, әйелдің саулығы – отбасының тыныштығы.

Сүт безі обыры туралы хабардарлық айлығы тек медициналық ақпарат берумен шектелмейді. Бұл – қоғамды мейірімділікке, жанашырлыққа және өзара қолдауға үндейтін маңызды бастама. Аурумен күресіп жүрген жандарға жылы сөз айтып, түсіністік таныту да үлкен демеу. Қолдау мен үміт адамның қиындықты еңсеруіне рухани күш береді.

Қазығұрт аудандық орталық ауруханасы мен Қазығұрт аудандық белсенді ұзақ өмір сүру орталығында өткізілген бұл игі іс-шаралар халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға, аурудың алдын алу мәдениетін дамытуға және медициналық тексерулердің маңыздылығын түсіндіруге бағытталды.

Қызғылт лента – сүт безі обыры туралы хабардарлықтың халықаралық символы. Ол үмітті, мейірімділікті және өмір үшін күресуге деген жігерді білдіреді. Оның астарында әрбір әйелдің өмірі қымбат екені, денсаулыққа қамқорлық жасау ешқашан кеш болмауы керектігі жатыр.

Әйел денсаулығы – ұлт саулығының негізі. Ана амандығы – отбасы бақытының тірегі. Әрбір сақталған өмір – баға жетпес жеңіс!Ендеше, аяулы аналар мен ардақты арулар, өздеріңізді күтіңіздер, денсаулықтарыңызды бағалаңыздар! Тексерілуді кейінге қалдырмай, күмәнді белгілерге дер кезінде назар аударыңыздар. Жақындарыңыздың ортасында ұзақ әрі бақытты ғұмыр кешіңіздер!

Қызғылт лента жүректерге үміт ұялатсын, қамқорлық әрбір әйелге күш берсін! Өйткені әрбір әйелдің өмірі маңызды, әрбір ананың амандығы қымбат!

6acf032429592.jpg
6acf032ecc8d7.jpg
6acf0338597bb.jpg
6acf0340835d3.jpg

 

Ещё новости

Смотреть все
18 октября, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 октября, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

14 мая, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

6 мая, 2026

Әйелдердің қоғамдағы белсенділігін арттыру – басты назарда

"AMANAT" партиясының «Әйелдер аманаты» жобасы аясында Түлкібас ауданында белсенді әйелдермен мазмұнды кездесу...

13 февраля, 2026

Салауатты сана, Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт

"Салауатты сана", "Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт" жобалары аясында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы №11 кол...

1 апреля, 2026

В Петропавловске владелица салона красоты «Vildana Studio» Вильдана Кожахметова организовала бесплатный курс в рамках партийного проекта «Бақытты отбасы»

Вильдана Кожахметова,член Женского крыла Северо-Казахстанского областного филиала партии «AMANAT» владелица с...