Главная История Структура женского крыла Новости Контакты
Казахский | Русский
Регистрация
Содействие развитию инклюзивного... 17 сентября, 2026 Алматинская область

КЕДЕРГІСІЗ ОРТА – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Алматы облысында «Әділет» партиясы Талғар аудандық филиалының ұйымдастыруымен мүгедектігі бар азаматтар үшін әлеуметтік нысандардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында пандустардың жай-күйіне мониторинг жүргізілді

КЕДЕРГІСІЗ ОРТА – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
6aacde4431304.jpg

«Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы маңызды бағыттардың бірі – мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімді әрі кедергісіз орта қалыптастыру. Осы бағыттағы жұмыстар аясында Талғар ауданында азаматтар көп шоғырланатын мемлекеттік мекемелер мен халыққа қызмет көрсету нысандарына мониторинг жүргізілді.
Бүгінгі таңда аудан бойынша 39 нысан мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін бейімделген. Алдағы кезеңде азаматтар көп баратын 17 нысанға кезең-кезеңімен мониторинг жүргізу жоспарланып отыр.
Мониторинг барысында нысандардың мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімділігі, қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі және кедергісіз кіруге жасалған жағдайлары зерделенді. Анықталған кемшіліктер бойынша жауапты мекемелерге тиісті ұсыныстар беріліп, оларды жою бағытында жұмыстар ұйымдастырылатын болады.
Қолжетімді орта қалыптастыру – әрбір азаматтың қоғам өміріне тең қатысуына мүмкіндік беретін маңызды қадам. Бұл бағыттағы мониторинг жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

6aacdeee62f0f.jpg

Ещё новости

Смотреть все
18 октября, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 октября, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

29 апреля, 2026

Алматы облысында әйелдерге жасанды интеллект мүмкіндіктері таныстырылды

Цифрлық сауаттылық, стартап және жасанды интеллект бойынша оқыту өтті

8 мая, 2026

«AMANAT»: в Конаеве депутаты и акимы осваивают новые подходы к работе с населением

В Конаеве стартовало трёхдневное модульное обучение по развитию функциональных компетенций, организованное Ака...

9 июня, 2026

"Қабылда мені әлем"

Қ. Сыдиықұлы атындағы кітапханада ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналарға арналған «Қабылд...

11 апреля, 2026

Наследие великого учёного увековечено!