КЕЛЕС АУДАНЫ: ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ – ҚАМҚОРЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ
«Халықаралық отбасы күніне» орай Келес ауданында әлеуметтік қолдауды қажет ететін, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетілді. Игі шараға «Әділет» партиясы Келес аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының жетекшісі Тұржанова Камила қатысып, отбасыларға қажетті азық-түлік және тұрмыстық заттарды табыстады.
Көмекке мұқтаж жанұялардың жағдайымен танысып, олардың ұсыныс-тілектері тыңдалды. Мұндай қайырымды бастамалар қоғамдағы өзара қолдау мен жанашырлықты арттырып, отбасы құндылықтарын нығайтуға бағытталған.
Камила Тұржанова әр отбасының әл-ауқаты мен берекесі қоғамның тұрақтылығымен тікелей байланысты екенін атап өтіп, мұқтаж жандарға қолдау көрсету – ортақ жауапкершілік екенін жеткізді.
Отбасыға қамқорлық – қоғамға жасалған игі қадам!
