Келес ауданында «Әйел өмірі үшін» атты сүт безі обырының алдын алуға бағытталған ақпараттық шара өтті 🩷
Келес ауданында сүт безі обырының алдын алу және ауруды ерте кезеңде анықтаудың маңыздылығын насихаттауға бағытталған ақпараттық-түсіндіру шарасы өтті.
Іс-шара аясында әйелдерге арналған «Сүт безінің саулығы туралы 5 минут» тақырыбында ақпараттық кездесу және «Әйел өмірі үшін» атты ашық есік күні ұйымдастырылды. Мамандар әйелдер денсаулығын қорғау, аурудың алғашқы белгілерін дер кезінде байқау және профилактикалық тексерулерден тұрақты өтудің маңыздылығына тоқталды.
Кездесуге «Әділет» партиясы Келес аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының жетекшісі Камила Қуандыққызы Тұржанова және Келес аудандық орталық емханасының маммолог дәрігері қатысты.
Маммолог дәрігер қатысушыларға сүт безі ауруларының алдын алу жолдарын түсіндіріп, скринингтік тексерулердің маңызы жөнінде кеңес берді. Сондай-ақ әйелдердің өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, қандай да бір күмәнді белгілер байқалған жағдайда дәрігерге уақытылы жүгіну қажеттігі айтылды.
Шараның басты мақсаты – әйелдер арасында медициналық сауаттылықты арттыру, аурудың алдын алу мәдениетін қалыптастыру және денсаулықты сақтауға деген жауапкершілікті күшейту.
Өз денсаулығыңызға бейжай қарамаңыз! Уақытылы тексерілу – аурудың алдын алуға және оны ерте анықтауға жасалған маңызды қадам.
Әйел денсаулығына қамқорлық – өмірге қамқорлық!


