КЕЛЕС АУДАНЫНДА «МЕКТЕПКЕ НЫҚ ҚАДАММЕН» – БАЛАЛАРҒА ЖҮРЕКЖАРДЫ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ.
Жаңа оқу жылы қарсаңында өскелең ұрпаққа қолдау көрсету, балалардың білім алуға деген ынтасын арттыру және олардың мектепке жақсы көңіл-күймен баруына жағдай жасау мақсатында Әйелдер қанатының «Мектепке нық қадаммен» акциясы аясында тағылымды іс жүзеге асырылды.
Игі бастама аясында Келес аудандық мәслихатының депутаты Искендеров Досжан Бауыржанұлы Ақтөбе ауылдық округіндегі 500 оқушыға мектепке қажетті киім-кешек пен оқу құралдарын табыстады.
Балаларға жаңа мектеп сөмкелері, оқу құралдарын сыйға тарты. Оқушыларға көрсетілген бұл көмек олардың жаңа оқу жылына тыңғылықты дайындалып, білім ордасына көтеріңкі көңіл-күймен қадам басуына үлкен қолдау болмақ.
Балаға жасалған әрбір жақсылық – оның болашағына салынған инвестиция. Мұндай игі істер өскелең ұрпаққа қамқорлық көрсетіп қана қоймай, балалардың өзіне деген сенімін нығайтып, білімге деген құштарлығын арттыруға ықпал етеді.
Ұлт болашағы – білімді ұрпақтың қолында. Сондықтан балаларға жасалған қолдау мен қамқорлық – баршамызға ортақ маңызды міндет.
Жаңа оқу жылы барша оқушыға сәттілік, толағай табыс және биік жетістіктер әкелсін! Әр баланың мектепке жасаған қадамы нық болып, білім жолында алар асуы мен бағындырар белесі көп болуын тіледі!

