Кентау қаласында «Мектепке нық қадаммен!» акциясы өтті
2026–2027 оқу жылы қарсаңында «Әділет» партиясы Кентау қалалық филиалы Әйелдер қанатының «Мектепке нық қадаммен!» акциясы өтті.
Акция аясында әлеуметтік осал, көпбалалы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған отбасылардан шыққан 20-ға жуық балаға мектеп сөмкелері мен қажетті оқу құралдары табысталды.
Іс-шара барысында «Әділет» партиясы Кентау қалалық филиалының төрағасы, партия белсенділері, Әйелдер қанатының мүшелері оқушылармен кездесіп, оларды жаңа оқу жылымен құттықтап, тілектерін білдірді.
Балаларға қолдау көрсету – олардың жарқын болашағына жасалған маңызды қадам. «Әділет» партиясы әлеуметтік маңызы бар бастамаларды қолдауға және қоғамдағы қайырымдылық мәдениетін дамытуға өз үлесін қосуда.
«Әділет» партиясы үшін мұндай бастамалар бір реттік акциямен шектелмейді. Партия білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, балалардың әлеуметтік жағдайына қарамастан сапалы білім алуына мүмкіндік жасау және әлеуметтік қолдауды күшейту бағытындағы жұмыстарын алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастыруда.
Барша оқушыға жаңа оқу жылында сәттілік, толағай табыс және биік жетістіктер тілейміз!