Главная История Структура женского крыла Новости Контакты
Казахский | Русский
Регистрация
Содействие укреплению женского з... 5 марта, 2026 Кызылординская область

Қоғамның әл-ауқатын қолдау бағыты бойынша «Менің жауһар жырларым» атты поэзиялық кеші

Қоғамның әл-ауқатын қолдау бағыты бойынша «Менің жауһар жырларым» атты поэзиялық кеші

5 наурыз күні облыстық кітапханада қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, сыршыл лирик ақын Күләш Ахметованың туғанына 80 жыл толуына орай «Менің жауһар жырларым» атты поэзиялық кеші ұйымдастырылды.

Мақсаты – ақынның өмір жолы мен әдеби мұрасын таныстыру арқылы оқырмандардың қазақ поэзиясына деген қызығушылығын арттыру, көркем сөз өнерін қадірлеу, оқырман жүрегіне жылу сыйлап, ізгілікке үндейтін туындыларын насихаттау.

Кешке ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар Одағының Қызылорда облысы бойынша өкілі Қ.Есімсейітова, ақын, «Құрмет» орденінің иегері, Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының иегері Қ.Жаленова, жазушы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Н.Рахмет, Б.Момынбаев атындағы №278 ІТ мектеп-лицейінің мұғалімдері мен оқушылары, Өркениет медициналық колледжінің студенттері қатысты.

Кеш қонақтары ақын өлеңдерінің тақырыптық ерекшеліктері мен көркемдік қырларына тоқталып, ұлттық руханиятқа қосқан өлшеусіз үлесі туралы, ақынның қазақ поэзиясындағы дара болмысы, оқырманның жүрегін жаулаған нәзік жырлары туралы естеліктерімен, ой-пікірлерімен бөлісті. Оқырмандар ақынның өлеңдерін оқыды. Поэзия кеші оқырмандарға рухани тағылым беріп, ұлттық әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыра түсті.

Оқырмандар назарына «Өмірінің өрнегі өлеңінде» атты кітап көрмесі ұсынылды.

Теги
Содействие укреплению женского здоровья и института семьи Женщины в науке

Ещё новости

Смотреть все
29 июня, 2026

Бәйдібек ауданында «Күшің өзіңде: стресс басқару дағдылары» атты психологиялық және құқықтық көмек акциясы өтті.

“Amanat” партиясының Бәйдібек аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанаты қоғамдық ұйымы және Бәйдібек аудандық...

23 июня, 2026

Жаңа бастамалар мен нақты істер алаңы

Сарысу ауданында өткен Әйелдер қанатының отырысында әйелдердің көшбасшылығын дамыту, қоғамдық белсенділігін ар...

8 мая, 2026

БАЛА ТӘРБИЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

29 мая, 2026

Дағдарыс орталығының әйелдерімен кездесу

Әйелдер қанатының мүшелері Балжан Қожабекқызы мен Гүлнара Жақсылықызы “Отбасы банк” қызметкерлерімен бірлесіп,...

14 мая, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

11 апреля, 2026

Наследие великого учёного увековечено!