Главная История Структура женского крыла Новости Контакты
Казахский | Русский
Регистрация
Содействие укреплению женского з... 4 сентября, 2026 Туркестанская область

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА «МЕКТЕПКЕ НЫҚ ҚАДАММЕН» – ОҚУШЫЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

Жаңа оқу жылы қарсаңында балаларға қолдау көрсету және олардың білім алуға деген ынтасын арттыру мақсатында Әйелдер қанатының «Мектепке нық қадаммен» акциясы аясында игі іс жүзеге асты.

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА «МЕКТЕПКЕ НЫҚ ҚАДАММЕН» – ОҚУШЫЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаты, аудандық Әйелдер қанатының жетекшісі Даубаева Меруерт Таласбекқызы Иіржар ауылдық округіне қарасты Наурыз елді мекенінің 10 оқушысына мектепке қажетті құрал-жабдықтарды табыстады.

Атап айтқанда, оқушыларға жаңа рюкзактар, оқу құралдары және аяқ киімдер сыйға берілді. Бұл көмек балалардың жаңа оқу жылына тыңғылықты дайындалып, мектепке көтеріңкі көңіл-күймен баруына өз септігін тигізері сөзсіз.

Балаларға жасалған мұндай қолдау – өскелең ұрпаққа деген қамқорлықтың және олардың жарқын болашағына деген сенімнің көрінісі. Осындай игі бастамалар арқылы балаларға қуаныш сыйлап, білім алуға деген ынтасын арттыруға мүмкіндік жасалады.

Жаңа оқу жылы барша оқушыларға сәттілік әкелсін! Білім жолындағы қадамдары нық болып, биік белестерді бағындыра берсін! 🇰🇿

6a9a9a1ed05fe.jpg
6a9a9a28b6c81.jpg

 


 

Ещё новости

Смотреть все
18 октября, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 октября, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

14 мая, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

6 мая, 2026

Әйелдердің қоғамдағы белсенділігін арттыру – басты назарда

"AMANAT" партиясының «Әйелдер аманаты» жобасы аясында Түлкібас ауданында белсенді әйелдермен мазмұнды кездесу...

13 февраля, 2026

Салауатты сана, Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт

"Салауатты сана", "Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт" жобалары аясында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы №11 кол...

1 апреля, 2026

В Петропавловске владелица салона красоты «Vildana Studio» Вильдана Кожахметова организовала бесплатный курс в рамках партийного проекта «Бақытты отбасы»

Вильдана Кожахметова,член Женского крыла Северо-Казахстанского областного филиала партии «AMANAT» владелица с...