Главная История Структура женского крыла Новости Контакты
Казахский | Русский
Регистрация
Содействие укреплению женского з... 4 сентября, 2026 Туркестанская область

МЕКТЕПКЕ НЫҚ ҚАДАМ – БАЛАЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДЕН БАСТАЛАДЫ

Сауран аудандық филиалы Әйелдер қанатының «Мектепке нық қадам» акциясы ұйымдастырылып, әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек көрсетілді.

МЕКТЕПКЕ НЫҚ ҚАДАМ – БАЛАЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДЕН БАСТАЛАДЫ

САУРАН АУДАНЫНДА МЕКТЕПКЕ НЫҚ ҚАДАМ – БАЛАЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДЕН БАСТАЛАДЫ

Сауран аудандық филиалы Әйелдер қанатының «Мектепке нық қадам» акциясы ұйымдастырылып, әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек көрсетілді.

Акцияның негізгі мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық барысында балаларға қолдау көрсету, олардың сапалы білім алуына қажетті жағдай жасау және қоғамдағы өзара көмек пен қайырымдылық құндылықтарын дәріптеу.

Ізгі шараға «Әділет» партиясы Сауран аудандық филиалының төрағасы Сағынбек Асылбеков, жеке кәсіпкер Мамирхан Юлдашев, Сауран аудандық мәслихатының депутаты Хуршид Шарапов және Ислам Намуратов белсене атсалысып, оқушыларға қажетті оқу құралдары мен мектепке қажетті заттарды табыстады.

Мұндай игі бастамалар балаларға қуаныш сыйлап қана қоймай, олардың білімге деген ынтасын арттыруға ықпал етеді. Жақсылық жасау – қоғамның бірлігін нығайтып, өскелең ұрпаққа қамқорлық танытудың жарқын үлгісі.

Әр бала сапалы білім алуға және мектепке қуанышпен баруға лайық. Бірге қолдау көрсетіп, балалардың жарқын болашағына нық қадам жасайық!

6a9a67a47851c.jpg
6a9a67acaa617.jpg

Ещё новости

Смотреть все
18 октября, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 октября, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

14 мая, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

6 мая, 2026

Әйелдердің қоғамдағы белсенділігін арттыру – басты назарда

"AMANAT" партиясының «Әйелдер аманаты» жобасы аясында Түлкібас ауданында белсенді әйелдермен мазмұнды кездесу...

13 февраля, 2026

Салауатты сана, Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт

"Салауатты сана", "Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт" жобалары аясында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы №11 кол...

1 апреля, 2026

В Петропавловске владелица салона красоты «Vildana Studio» Вильдана Кожахметова организовала бесплатный курс в рамках партийного проекта «Бақытты отбасы»

Вильдана Кожахметова,член Женского крыла Северо-Казахстанского областного филиала партии «AMANAT» владелица с...