Главная История Структура женского крыла Новости Контакты
Казахский | Русский
Регистрация
Содействие развитию инклюзивного... 26 августа, 2026 г.Шымкент

«МЕКТЕПКЕ НЫҚ ҚАДАММЕН»: АКЦИЯСЫ

«МЕКТЕПКЕ НЫҚ ҚАДАММЕН»: ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАРҒА МЕКТЕПКЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛДАР ТАБЫСТАЛУДА

«МЕКТЕПКЕ НЫҚ ҚАДАММЕН»: АКЦИЯСЫ

Шымкент қаласында «Әділет» партиясының бастамасымен жаңа оқу жылына дайындық аясында «Мектепке нық қадаммен» акциясы өтіп жатыр. Игі бастама барысында әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға мектеп сөмкелері мен оқу құралдары табысталуда.

Акцияға партия өкілдері, қайырымдылық жасауға ниет білдірген жомарт жандар мен демеушілер атсалысуда. Бүгінде 500-ге жуық оқушыға мектеп сөмкесі табысталды.

Акция аясында жаңа оқу жылына орай мыңнан астам баланы мектеп формасы және оқуға қажетті құрал-жабдықтармен қамту жоспарланып отыр. Бұл – ата-аналарға түсетін қаржылық салмақты азайтып, балалардың оқу жылын қажетті құралдармен бастауына мүмкіндік беруге бағытталған.

Акцияның негізгі мақсаты – әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардың балаларына жаңа оқу жылына дайындық кезінде қолдау көрсету, олардың сапалы білім алуына мүмкіндік жасау. Бала үшін жаңа оқу жылы – жаңа мақсаттар мен жаңа мүмкіндіктердің бастауы. Ал мектепке қажетті дүниелердің түгел болуы оның оқу жылын алаңсыз бастап, білім алуға көңіл бөлуіне жағдай жасайды. Осы тұрғыдан алғанда, акцияның мәні тек материалдық көмек көрсетумен шектелмейді.