Главная История Структура женского крыла Новости Контакты
Казахский | Русский
Регистрация
Поддержка женского политического... 9 июня, 2026 Акмолинская область

Nazarbayev University-де әйелдер көшбасшылығын дамыту бағдарламасы басталды.

Nazarbayev University-де әйелдер көшбасшылығын дамыту бағдарламасы басталды.

Nazarbayev University-де әйелдер көшбасшылығын дамыту бағдарламасы іске қосылды

Nazarbayev University-де әйелдердің көшбасшылық құзыреттерін дамытуға және Қазақстанның қоғамдық өмірінің түрлі салалары үшін кадрлық резерв қалыптастыруға бағытталған Women Leadership Development Programme (WLDP) білім беру бағдарламасы басталды.

Бағдарлама Nazarbayev University-дің Жоғары білім беру мектебі, Жоғары мемлекеттік саясат мектебі және Жоғары бизнес мектебі тарапынан Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен жүзеге асырылуда. Оқытуға білім беру, ғылым, мемлекеттік басқару, бизнес, үкіметтік емес сектор және өңірлік ұйымдардың 80-нен астам өкілі қатысуда.

Білім беру курсы 120 академиялық сағатты, менторлық қолдауды, салааралық тәжірибе алмасуды және тәжірибелік жобаларды әзірлеуді қамтиды. Бағдарлама тыңдаушылары қатарында жоғары оқу орындарының басшылары, орта және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жетекшілері, сарапшылар қауымдастығының өкілдері, бизнес саласының мамандары, сондай-ақ еліміздің өңірлеріндегі Әйелдер қанатының белсенділері мен жетекшілері бар.

Оқу аясында Әйелдер қанатының төрайымы Шолпан Каринова «Қазақстандағы әйелдер көшбасшылығы: өзгерістер мен тұрақтылықтың күші» тақырыбында авторлық дәріс өткізді. Ол өз сөзінде білім беру және мемлекеттік басқару салаларындағы кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, көшбасшылық қасиеттерді дамытудың заманауи тәсілдері туралы айтты.

Шолпан Каринованың айтуынша, бүгінде әйелдер кәсіби дамуға, басқарушылық құзыреттерін кеңейтуге және елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысуға көбірек ұмтылуда. Осындай білім беру бастамалары әйел көшбасшылардың әлеуетін ашуға және олардың барлық деңгейдегі шешім қабылдау үдерістеріндегі рөлін күшейтуге қосымша мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Әйелдер қанатының төрайымы бағдарламаның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, әйелдер көшбасшылығын дамытуға және ел көлемінде тиімді кәсіби қауымдастық қалыптастыруға ықпал ететін жобаны жүзеге асырғаны үшін Nazarbayev University ұжымына алғысын білдірді.

Ещё новости

Смотреть все
18 октября, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 октября, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

3 апреля, 2026

Әйелдердің психологиялық саулығы – қоғам тұрақтылығының негізі

Дөңгелек үстел

25 мая, 2026

«Бақытты отбасы»: день единства, тепла и семейных ценностей.

8 июня, 2026

В Университете Абая запущена новая программа EMBA по развитию женского лидерства

В Казахском национальном педагогическом университете имени Абая запущена новая образовательная инициатива, нап...

23 января, 2026

«Таңшолпан»: в Костанайской области начался новый этап развития женского политического лидерства

После теоретической части участницы перешли к практическим занятиям и приняли участие в дебатных сессиях. Разд...