Отбасы күніне орай қайырымдылық шарасы
«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен Отбасы күніне орай қайырымдылық шарасы өткізілді.
Отбасы – әр адамның өміріндегі ең қымбат қазына, жылулық пен мейірімнің мекені. Осы айтулы күнге орай әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға көмек көрсету мақсатында игі шара ұйымдастырылды.
Шара барысында отбасыларға қажетті көмектер көрсетіліп, азық-түлік себеттері мен сыйлықтар табысталды. Бұл бастама – қоғамдағы өзара қолдау, жанашырлық пен қамқорлықтың жарқын көрінісі.
Әр шаңырақта береке мен бірлік, қуаныш пен молшылық орнасын! Балалардың күлкісі үзілмей, отбасылардың мерейі үстем болсын!
