Главная История Структура женского крыла Новости Контакты
Казахский | Русский
Регистрация
Содействие укреплению женского з... 11 сентября, 2026 Туркестанская область

ОТЫРАР АУДАНЫ: ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

Елімізде қыркүйек айының екінші жексенбісі – Отбасы күні ретінде атап өтіледі. Бұл күн – отбасының қоғамдағы маңызын айқындап, шаңырақтың берекесі мен бірлігін дәріптейтін ерекше мереке. «Әділет» партиясы үшін отбасы – қоғамның берік негізі, адам өміріндегі ең маңызды құндылықтардың бірі. Отбасының әл-ауқаты мен тұрақтылығы – елдің әлеуметтік жағдайының маңызды көрсеткіштерінің бірі. Сондықтан әрбір жанұяға қолдау көрсету, әсіресе әлеуметтік тұрғыда осал отбасыларға көмек қолын созу – қоғамның ортақ міндеті.

ОТЫРАР АУДАНЫ: ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

Осы бағыттағы игі бастамалар аясында Отбасы күніне орай «Әділет» партиясы Отырар аудандық филиалының ұйымдастыруымен Балтакөл ауыл округіндегі 4 отбасыға азық-түлік себеттері табысталды.
Аталған қайырымдылық шарасына Отырар аудандық мәслихатының депутаты Бекман Акинбеков демеушілік жасап, отбасыларға қажетті азық-түлік өнімдерін жеткізіп берді.
«Отбасы – әр адам үшін орны ерекше, қасиетті шаңырақ. Қандай жағдай болмасын, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген қолдауы мен қамқорлығы адамға күш береді. Әсіресе қиындыққа тап болған отбасыларға қоғам болып қолдау көрсету – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі. Отбасыға жасалған әрбір жақсылық – елдің болашағына жасалған инвестиция деп білеміз. Бүгінгі шағын ғана көмек отбасылардың көңіліне қуаныш сыйлап, мерекелік көңіл-күй сыйласа, біздің мақсатымыздың орындалғаны», – деді Бекман Акинбеков.
Өз кезегінде көмек алған отбасылар партия өкілдері мен демеушіге ризашылықтарын білдіріп, көрсетілген қолдаудың олар үшін маңызды екенін атап өтті.
«Әділет» партиясы Отырар аудандық филиалы алдағы уақытта да әлеуметтік мәселелерге назар аударып, мұқтаж азаматтарға қолдау көрсетуге, отбасы құндылықтарын дәріптеуге және қоғамдағы өзара жанашырлық пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жұмыстарды жалғастыра береді.
Отбасы – береке мен бірліктің бастауы. Ал берекелі отбасы – берік қоғамның негізі.

Ещё новости

Смотреть все
18 октября, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 октября, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

14 мая, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

6 мая, 2026

Әйелдердің қоғамдағы белсенділігін арттыру – басты назарда

"AMANAT" партиясының «Әйелдер аманаты» жобасы аясында Түлкібас ауданында белсенді әйелдермен мазмұнды кездесу...

13 февраля, 2026

Салауатты сана, Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт

"Салауатты сана", "Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт" жобалары аясында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы №11 кол...

1 апреля, 2026

В Петропавловске владелица салона красоты «Vildana Studio» Вильдана Кожахметова организовала бесплатный курс в рамках партийного проекта «Бақытты отбасы»

Вильдана Кожахметова,член Женского крыла Северо-Казахстанского областного филиала партии «AMANAT» владелица с...