САРЫАҒАШТА «ӘЙЕЛ ӨМІРІ ҮШІН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК-МЕДИЦИНАЛЫҚ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
«Әділет» партиясының Әйелдер қанаты мен Онколог-маммологтар қауымдастығы бірлесіп, ел болашағының кепілі — ана мен бала денсаулығын қорғауға бағытталған ауқымды бастаманы қолға алды.
Қазақстанның барлық өңірлерін қамтитын «Әйел өмірі үшін» республикалық айлығы аясында кезекті маңызды іс-шара Сарыағаш өңірінде өтуде.
Науқанның басты мақсаты:
• Ұлт саулығын нығайту: Әйелдер қауымының өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру және қоғамда салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру;
• Ерте диагностика: Онкологиялық ауруларды ерте сатыда анықтау арқылы адам өмірін арашалап қалудың маңыздылығын насихаттау;
• Әлеуметтік қолдау: Дертпен күресіп, ем қабылдап жатқан қыз-келіншектерге партиялық және кәсіби-медициналық тұрғыдан жан-жақты демеу көрсету.
Бұл шара — жай ғана медициналық тексеру емес, бұл — мемлекеттің әлеуметтік саясатын қолдауға және ұлттық гендерлік саясатты ілгерілетуге қосылған нақты саяси-қоғамдық үлес. Сондықтан барлық медициналық іс-шаралар бейінді ұйымдар тарапынан, қолданыстағы заңнамалық талаптар мен жоғары кәсіби құзыреттілік шеңберінде ұйымдастырылған.
Дені сау әйел — дені сау ұлт негізі!

