Главная История Структура женского крыла Новости Контакты
Казахский | Русский
Регистрация
Содействие развитию инклюзивного... 23 апреля, 2026 Туркестанская область

САУРАН АУДАНЫНДА ӨНЕР МЕН МЕЙІРІМ ТОҒЫСҚАН БАЙҚАУ ӨТТІ

"AMANAT" партиясы Сауран аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен «Гүл Fest аруы – 2026» байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Шараға аудандық Әйелдер қанатының төрайымы Тамара Ерімбет және әйелдер қанатының белсенді мүшелері Алиева Мереке, Гүлбағила Қаражанова, Әлия Алдияров, Махсуда Мамадалиева қатысып, байқаудың маңыздылығына ерекше тоқталды.

САУРАН АУДАНЫНДА ӨНЕР МЕН МЕЙІРІМ ТОҒЫСҚАН БАЙҚАУ ӨТТІ

Аталған іс-шараның басты мақсаты – инклюзияны қолдау, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қоғамға бейімдеу, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өнерге деген қызығушылығын арттыру және өз-өздеріне деген сенімділігін қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар, мұндай шаралар арқылы қоғамда мейірімділік, қамқорлық және тең мүмкіндік қағидаттарын насихаттау көзделді.

Шара барысында қатысушылардың сахна мәдениеті, киім үлгісі, өзін-өзі ұстауы және шығармашылық деңгейі әділқазылар алқасы тарапынан бағаланды. Байқау соңында үздік деп танылған қатысушылар арнайы номинациялармен марапатталып, алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

Бұл байқау тек жарыс қана емес, ерекше балалардың қоғамдағы орнын айқындап, олардың мүмкіндіктері шексіз екенін дәлелдеген тағылымды әрі тәрбиелік мәні зор іс-шара болды. Кеш соңында барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйланып, көрермендер тарапынан зор қошемет көрсетілді.

69fdd9fc4ca6e.jpg
69fdda006dc82.jpg
69fdda00190dd.jpg
69fdda007ec99.jpg
69fdda008a7e7.jpg
69fdda00bb3e2.jpg
69fdda0034e31.jpg

Ещё новости

Смотреть все
18 октября, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 октября, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

14 мая, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

6 мая, 2026

Әйелдердің қоғамдағы белсенділігін арттыру – басты назарда

"AMANAT" партиясының «Әйелдер аманаты» жобасы аясында Түлкібас ауданында белсенді әйелдермен мазмұнды кездесу...

9 июня, 2026

"Қабылда мені әлем"

Қ. Сыдиықұлы атындағы кітапханада ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналарға арналған «Қабылд...

11 апреля, 2026

Наследие великого учёного увековечено!