Главная История Структура женского крыла Новости Контакты
Казахский | Русский
Регистрация
Содействие укреплению женского з... 6 марта, 2026 Кызылординская область

ШИЕЛІ АУДАНЫНДА «ӘЛЕМНІҢ МӘНІ – ӘЙЕЛДЕ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

ШИЕЛІ АУДАНЫНДА «ӘЛЕМНІҢ МӘНІ – ӘЙЕЛДЕ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

«AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалына қарасты «Көкшоқы» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне» орай «Әлемнің мәні – әйелде» атты мерекелік шара өткізілді.

Іс-шараға «Иіркөл», «Береке», «Мейірім», «Авангард», «Шиелі-Сұңқар» бастауыш партия ұйымдарының мүшелері, аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова және «Көкшоқы» бастауыш партия ұйымының төрағасы Гүлдана Жақыпова қатысты. Олар қатысушыларды мерекелік көңіл-күймен құттықтап, нәзік жандыларға гүлдер мен сыйлықтар тарту етті.

Шара барысында әйелдердің қоғамдағы рөлі, отбасының берекесі мен бақытты шаңырақ құрудағы маңызы туралы айтылып, қатысушыларға жылы лебіздер білдірілді. Сонымен қатар мерекелік концерттік бағдарламалар мен ойын-сауық элементтері ұйымдастырылып, қатысушылардың көңіл-күйі көтерілді.

Мерекелік шараның мақсаты – әйелдерге құрмет көрсету, олардың әлеуметтік рөлін бағалау, отбасының мәнін насихаттау және партиялық жобаның аясында қоғамдағы берекелі отбасылық құндылықтарды насихаттау болды. Іс-шара жылы атмосферада өтіп, қатысушылар арасында мерекелік рухты күшейтті.

6a14345753417.jpg
6a1434647ef32.jpg