ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
ӘДІЛЕТ ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫ AGF GROUP ФАБРИКАСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
ӘДІЛЕТ ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫ AGF GROUP ФАБРИКАСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
Бүгін «Әділет» партиясының сайлауалды штабы Шымкент қаласындағы AGF Group фабрикасына барып, кәсіпорын жұмысшыларымен кездесті.
Кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, отандық өндірісті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу, кәсіпкерлікті дамыту және еңбек адамдарының құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды.
Штаб мүшелері өндіріс ұжымының ұсыныс-пікірлерін тыңдап, жұмысшыларды толғандыратын өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
«Әділет» партиясы үшін әділ еңбек, дамыған өндіріс және азаматтардың әл-ауқаты – басты құндылықтардың бірі.
Кездесу соңында тараптар отандық өндірісті дамыту мен еңбек адамының мәртебесін арттыру бағытындағы бірлескен жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.